Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 25 мамырдағы №3463 В35жағдайына қатысты шұғыл хабарлама,«Лингва» ЖШС тәрбиеленушісі
2. Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3. Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4. Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 26 мамырдан бастап 2026 жылғы 24 маусымға дейін
5. Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Лингва» ЖШС
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты – Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 14 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Эпидемиологиялық тексеру кезеңінде балабақшада жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7. Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8. Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды