Азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыстуралы есеп

    ·

    Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

    2026 жылғы 2 тоқсанжеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау жөнінде атқарылған жұмыстуралы есеп

    2026 жылы 6 айына Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде, аудандық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерде барлығы 638 өтініш тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардың 394 өтініші және заңды тұлғалардың 244 өтініші құрайды.

    Қарау қорытындысы бойынша 290 түсіндірме берілді, 82 өтініш құзыреті бойынша қайта жолданды, 216 өтініш қанағаттандырылды, 41 - тоқтатылды, 9 өтініш бақылауда тұр.

    Бөлімшелердің есептеріне сәйкес өтініштердің 90% -ын сұраулар құрайды, олар: тұрғын үйлерді су басу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау саласындағы түсіндіру, өрт фактілерін растау және коммерциялық ұсыныстар туралы болды.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешуде басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қабылдау графигін Департаменттің ресми сайтында жариялай отырып, азаматтарды алдын ала тіркеп жазу және қабылдау үшін жағдайлар жасалған. Ағымдағы кезеңде басшылықпен 2 азамат қабылданды: өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойыншам және азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, барлық мәселелер бойынша ауызша түсініктемелер берілді.

    Өтініштерді уақытылы қарауды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментіне "Е-өтініш" бойынша есеп ай сайын жіберіледі.

    Құжаттамалық қамтамасыз ету

    және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің

    бас маманы А. Жусупбекова

    Жүктеу
    3b0f142a0779e82cf1bcb155bbd94ea6_original.3926579.pdf
    PDF · 3,7 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеу

    Хабарландыру Ақмола облысы ТЖД, 020000, Көкшетау қ. Ауельбекова 87,электрондық мекенжай[email protected]анықтама үшін телефон: (8-716-2-25-19-25), азаматтық қорғау органдарына түсетін тұлғаларды бастапқы кәсіптік даярл...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі («ӨС және АҚЖҚ» РММ өрт-сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі лауазымына) 08 қараша 2024 ж....

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі

    Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге үміткерлердің және дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілгендердің тізімі («ӨС және АҚЖҚ» РММ өрт-сөндіруші құтақрушы лауазымына) 08 қараша 2024 ж. г.Көкшетау Қойшы...

    Жарияланды: