«Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдау барысында аталған бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі зерделенеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылды қамтиды.
Осыған орай, аталған бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №1а мекенжайда орналасқан «Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келуге немесе [email protected] электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар 23-8-16 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.