«Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық тендер өткізеді

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    Аудандық коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

    Электрондық тендер-төртінші сауда-саттық

    Жекешелендіру объектісі: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Қуаныш Шамшиев көшесі 56 Б ғимаратында орналасқан, кадастрлық нөмірі 12:188:003:2532, бөлінетін жер учаскесімен жалпы ауданы 1,5397 гектар, жалпы ауданы 2148,9 шаршы метр, А оқу корпусы.

    Электрондық тендер өтеді: e-Qazyna.kz. Мемлекеттікмүліктізілімініңвеб-порталында2026жылғы 16 шілдеде, сағат 10.00.

    Старттық құны: 21 004 703 теңге, кепілдік жарна 10 502 352 теңге.

    Тендердің шарттары:

    1. 2027 жылғы 1 наурызға дейін Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Қ.Шамшиева көшесі, №56 «Б» ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан «А» оқу корпусын қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп және барлық инженерлік коммуникацияларды дайындай отырып қосылуға, 31 (отыз бір) көп пәтерлі тұрғын үй ретінде пайдалануға беру.
    2. Сатып алушы кемінде 2-санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензиясы бар ЖШС-гі болу қажет және Қостанай обылысында 2 жыл тіркелген болу тиіс, лицензияның электрондық көшірмесін қоса беру.
    3. Сатып алушы тұрғын үйлерді қайта құру жобаларында жұмыс тәжірбиесі кемінде 2 жыл болу қажет, (аяқталған обьектіні пайдалануға қабылдау актісін көшірмесін ұсыну).
    4. Сатып алушының төменде көрсетілген мамандары болуы тиіс:
    • техник-технолог 1 қызметкер,
    • құрлысшы 2 қызметкер,
    • электрші 2 қызметкер,
    • сантехник 2 қызметкер,
    • дәнекерлеуші 3 қызметкер,
    • қара жұмысшы 5 қызметкер.
    1. Сатып алушының автокөлік құралын иелену құқығын растайтын құжаттардың болуы: автокөлік жеткізушінің меншігінде болуы тиіс немесе қаржылық лизинг шарты не жалға алу шарты негізінде пайдаланылуы мүмкін, мұнда мүлікті үшінші тұлғаға уақытша пайдалануға беру (субаренда) құқығы көзделуі қажет (лизинг немесе жалға алу мерзімі Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінен кем болмауы тиіс).Растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет: техникалық паспорт, автокөлік иесінің жеке куәлігі, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы құжаттың болуы.:

    - Жұмыстарды орындау орны бойынша облыс шекарасындағы тиісті әкімшілік-аумақтықбірлікте тіркелген автомобиль жолындағы кран, максималды жүк көтергіштігі 10т. жоғары 1 дана,

    - Жұмыстарды орындау орны бойынша облыс шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтықбірлікте тіркелген, жүк көтергіштігі 5 тоннадан асатын автопогрузчик 1 дана,

    - Жжұмыстарды орындау орны бойынша облыс шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтықбірлікте тіркелген борттық жүк көтергіштігі 10 т. дейінгі автомобиль 2 дана.

    1. Құрлыс -монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын сатып алу-сату шарты жасалған сәттен кейін обьект бойынша техникалық тексеру жүргізу, құрлыс жоба жасалып, оң сараптамалық қорытынды алу.
    2. Пәтерлер Қазакстан Республикасының құрылыс нормасына (ҚР КН) сайкес келуі тиіс және «Көппәтерлі турғын ғимараттар» техникалық, санитарлық және бacқa да міндетті талаптарга жауап беруі тиіс.
    3. Жайлылық сыныбы-сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес 3-4 сынып.
    4. Пәтерлер қамауға (арест) алынбауы және үшінші тұлғалардың талап ету құқығынан босатылмауы керек. Коммуналдық қызметтерге және т.б. қызметтерге қандай да бір берешегі болмауы керек.
    5. Құрлыс құжаттамалары дайын болғанда, оның ішінде техникалық тексеру, құрлыс жобалары және оң сараптамалық қортындыны, тендер жеңімпазы аталған құжаттардың көшірмелерін сатушыға жолдайды. Сонымен қатар сатып алушы «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрлыс бөлімі» ММ-не құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспар-кестесін келісуге және бекітуге ұсынады.
    6. Бекітілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспар-кестесін көлемі мен мерзімдеріндегі кез келген өзгерістерді «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрлыс бөлімі» ММ-нің өкілімен келіседі.
    7. Тендірдің жеңімпазы бекітілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспар-кестесін қатаң сақтауға міндетті, кестеде көрсетілген жұмыстарды мерзімнен бұрын орындау мүмін. Алайда, кестеде көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзуы үшін негіз болып табылады.
    8. Сатып алушы, сатушыға және «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрлыс бөлімі» ММ-нің өкіліне қайта құру жұмыстары бойынша ақпарат беріп отыру.
    9. Жоба толық аяқталғанға дейін сатып алушының объектіні үшінші тұлғаға иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
    10. Тұрғын үй белгіленген санитарлық - техникалық нормаларға сәйкес болу, барлық инженерлік коммуникациялары жабдықталған болу тиіс, бөлмелер жылумен жабдықталған газ немесе орталық жылумен, ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау.
    11. Техникалық төлқұжат пәтердің нақты параметрлеріне сәйкес келуі керек.
    12. Қабырғалар-монолитті, газаблок, кірпіш, панельді, төбелердің биіктігі кемінде 2,5 метр.
    13. Пәтердің ішкі безендірілуі, оған мыналар кіреді: қабырғалар, қонақ бөлмесі, ас бөлмесі, қабырғаларда тұсқағаз немесе бояу.
    14. Жуынатын бөлмеде қабырғаларға плитка төселу керек, кемінде 175 са болуы қажет және ванна, раковина, дәретхана едені болуы керек.
    15. Тұрғын үйдің төбелер натяжные немесе левкас, едендер ламинат немесе линолеум болу тиіс.
    16. Жуынатын бөлмеде раковиналар, ванна (металл, акрил, эмальданған болат), су төгетін бөшкесі бар дәретхана;
    17. Жарықтандыру аспаптарымен жарықтандыруға арналған электр розеткаларының, ажыратқыштардың, шығару нүктелерінің болуы;
    18. Барлық бөлмелерде тұтқалары бар ішкі ағаш есіктер;
    19. Электр энергиясын, ыстық және суық сумен жабдықтауды есепке алу және бақылау аспаптарының болуы;
    20. Кіреберіс есік-металл;
    21. Терезелерпластикалық терезелер немесе басқа заманауи екі қабатты терезелер.
    22. Тұрғын үй қоныстануға дайын болуы керек.

    Тендергеқатысушыларға қойылатын талаптар:

    1) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2 санаттан төмен емес мемлекеттік лицензияның болуы (лицензияның электрондық көшірмесі қоса берілсін).

    2) Қостанай облысының аумағында заңды тұлғаны кемінде 2 жыл мерзіммен тіркеу (заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама қоса берілсін).

    3) Тұрғын үйлерді қайтадан жаңарту бойынша объектілерде кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесіне ие болу (орындалған жұмыстардың тиісті актілерін, мердігерлік шарттарды, объектіні пайдалануға беру актілерін қоса беру).

    4) Еңбек ресурстарына ие болу: техник - технолог - 1 қызметкер, құрылысшы – 2 қызметкер, электрик – 2 қызметкер, сантехник – 2 қызметкер, дәнекерлеуші – 3 қызметкер, жұмысшы – 5 қызметкер (жұмысшылардың жұмыс істеу мерзімінен кем емес жарамдылық мерзімі бар еңбек шарттарын қоса беру, қызметкердің біліктілігін растайтын құжатты, қызметкерлердің жеке куәліктерін қоса беру).

    5) Қостанай облысында тіркелген материалдық ресурстарға ие болу: жүк көтергіштігі 10 тоннадан кем емес автокран -1 бірлік, жүк көтергіштігі 5 тоннадан кем емес автожүктеуші – 1 бірлік, жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобилі – 2 бірлік (техникалық паспорттар, техниканы жалдау шарты, жұмыстарды орындау мерзімінен кем емес қолданылу мерзімі бар қаржылық лизинг шарты, иесінің жеке куәлігі қоса берілсін міндетті техникалық байқаудан өткені туралы құжат).

    Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.

    Жекешелендіру объектісі бойынша тендер басталған сәтте тіркелген қатысушылар болмаған жағдайда тендер өткізілмеді деп танылады.

    Тек бір қатысушы қатысқан Тендер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады.

    Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген тендер туралы актіге қол қояды.

    Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттық күні мен уақыты басталған кезде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

    Тендерге қатысуға өтінімдерді сатушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

    Жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Егер тендерде екі және одан да көп қатысушылардың ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтыса, өтінімі қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылар арасында тендер жеңімпазы болып танылады.

    Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада:

    1) себебін көрсете отырып, қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі;

    2) тізілім веб-порталы тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстыруды жүргізетін қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарды қанағаттандыратын қатысушылардың тізімі;

    3) жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз.

    Тендер жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

    Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттаманы тізілімнің веб-порталы қалыптастырады, сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендер жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

    Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының тендер нәтижесі болып табылатын шарттарда жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

    Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қоюға ұсынады.

    Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойылған кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын немесе көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

    1) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат

    2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

    заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлға өкілінің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат.

    Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

    Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойылған кезде сатушыға өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

    Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

    Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна деректемелерге енгізіледі:

    «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ,

    БСН 050540004455;

    ИИК KZ946017111000000330;

    БСК HSBKKZKX;

    Банктің атауы «Қазақстан халық банкі» АҚ;

    ТТК 171; БеК 16.

    Сатушы/ сауда-саттықты ұйымдастырушы:

    «Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ ҚР, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Сьянов көшесі, 53 үй, телефон: 8(71453)21284.

    Сату объектілерінің баланс ұстаушысы:

    «Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.ҚР, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі,49 үй, телефон: 8(71453)21190,22211.

    техникалық қолдау қызметі e-Qazyna.kz веб-порталалының телефоны

    8(7142)501-887, 501-902.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ерте кәсіби дайындық-қазіргі заманғы мемлекеттік қызметке жаңа қадам

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғыртуды көздейтін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қолданылады. Азаматтарды мемлекеттік қызметке ерте кәсіби д...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Кұрылтайы депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайлардың тізбесі

    № Наименование населенного пункта Место встреч с избирателями, адрес 1 Әулиекөл ауылы «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» МКҚК 2 Әулиекөл ауылы Қостанай облысы әкі...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Арамсояу - карантиндік арамшөп және сабақ паразиті

    Арамсояу - өте қауіпті карантиндік арамшөп және паразит, ол тек дақыл өнімділігін төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар өнім сапасын төмендетеді. Өсімдіктің тамыры немесе жапырақтары жоқ, ол мәдени өсімдіктердің шырыныме...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың үшінші тоқсанында «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі

    «Бекітемін» Әулиекөл ауданының әкімі ______________Ж. Таукенов 2026 жыл «___» ___________ 2026 жылдың үшінші тоқсанында «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылд...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайла...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданы бойынша 2026 жылға арналған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне сұранысқа мамандықтар тізбесі

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

    Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссежазу орны, күні және уақыты 1. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік м...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: