«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар жәнетабиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Тараз қаласы 30.06.2026ж.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат

    пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

    2025 жылдың II жартыжылдығы және 2026 жылдың I жартыжылдығы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Басқарма басшысының 2026 жылғы 25 мамырдағы №45ө бұйрығына сәйкес, 2026 жылдың 20–30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    - басқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    - персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    - мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тетіктерінің тиімділігін талдау;

    - басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    - жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    - мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    - орман қорын пайдалану және орман шаруашылығы іс-шараларын ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдерді талдау;

    - жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы шешімдер қабылдау кезіндегі тәуекелдерді талдау;

    - экологиялық сараптама жүргізу және қорытынды беру рәсімдеріндегі тәуекелдерді талдау;

    - кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану мәселелерін қарау кезіндегі тәуекелдерді талдау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы:

    • Б.Молдашев - басқарма басшысының орынбасары, топ жетекшісі;
    • А.Жакипов - орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы, топ мүшесі;
    • М.Айтуганов – кең таралған пайдалы қазба байлықтарды пайдалану, экологиялық сараптама және су қорғау бөлімінің басшысы, топ мүшесі;
    • Ж.Шуылдакова – басқарманың бас маманы бас бухгалтері, топ мүшесі;
    • А.Сатенов - басқарманың бас маманы, топ мүшесі.

    Басқарманың қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер:

    - Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі;

    - Қазақстан Республикасының Орман кодексі;

    - Қазақстан Республикасының Су кодексі;

    - Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі;

    - Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңы;

    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы Заңы;

    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы;

    - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы;

    - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

    Басқарма өз қызметін жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    Ережеге сәйкес, Басқарма тұрғын халықтың аман - сау, қауіпсіз және қолайлы өмір сүруінің негіздері ретінде қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман - тоғайлы аумақтарды ұлғайту және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің биоалуандығын сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Басқарманың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекеменің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

    - орман, су, аң шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    - табиғат қорғау іс-шаралары стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

    - қоршаған ортаны қорғауға, жақсартуға, су, орман және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын реттеу мен тиімді пайдалануға, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік экологиялық бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыру.

    Персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штат саны 19 бірлікті құрайды, оның ішінде 2 бос лауазым бар. Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің штат саны 14 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 бос жұмыс орны бар.

    2025 жылдың II жартыжылдығында басқармада 33 қызметкер еңбек қызметін жүзеге асырды. Есепті кезеңде өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ, 2 қызметкер конкурс нәтижелері бойынша бос лауазымдарға қабылданды.

    2026 жылдың I жартыжылдығында басқармада 32 қызметкер жұмыс атқарды. Осы кезеңде 3 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылып, 2 қызметкер конкурс нәтижелері бойынша бос лауазымға тағайындалды.

    Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босату, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

    Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде басқарма қызметкерлеріне қатысты жағымсыз ақпараттар мен сыни жарияланымдар анықталған жоқ.

    Кадрларды іріктеу, қабылдау, орналастыру және қызмет бойынша ілгерілету рәсімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды. Кадрлық шешімдер қабылдау барысында ашықтық пен әділдік қағидаттары сақталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу жағдайлары орын алған жоқ. Ішкі талдау жүргізу барысында лауазымдық міндеттеріне сәйкес келмейтін қызметкерлер анықталған жоқ.

    Қызметкерлердің демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы кезінде еңбек заңнамасының бұзылуы анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық жалақыларға үстемеақы белгілеу және бонустар беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды. Аталған процестерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауына тұрақты мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде шектеулерді бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары, құқықтық оқыту семинарлары және кеңестер өткізілді.

    Жаңадан қабылданған қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі түсіндірілді.

    Қызметкерлердің мүдделер қақтығысына қатысты жағдайлар анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына талдау жүргізілді. Әдеп кодексін бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Есепті кезеңде біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің қызметіне кері әсер ететін жағдайлар анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсыру талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді. Заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Қызметтік тәртіптің сақталуына талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын жүйелі бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Персоналды басқару процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу конкурстары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес өткізілді.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша персоналды басқару қызметі саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жүйелі тәуекелдер анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тетіктерінің тиімділігін талдау.

    Басқарма қызметінде мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

    Талдау барысында қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделер мен қызметтік өкілеттіктер арасында қайшылық туындауына жол бермеу мақсатында ішкі бақылау тетіктері қарастырылғаны анықталды. Қызметкерлерге мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда тікелей басшылыққа немесе уәкілетті тұлғаға дереу хабарлау тәртібі түсіндірілген.

    Есепті кезеңде мүдделер қақтығысының туындауына қатысты жазбаша немесе ауызша хабарламалар тіркелмеген.

    Басқарма қызметкерлерінің жеке істері мен қызметтік өкілеттіктері зерделеніп, мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін жағдайлар анықталған жоқ.

    Сонымен қатар, басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша тұрақты құқықтық оқыту ұйымдастырылған.

    Ішкі талдау нәтижелері бойынша мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тетіктері жалпы алғанда тиімді жұмыс істейтіндігі, олардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға жеткілікті деңгейде ықпал ететіні анықталды.

    Мүдделер қақтығысына байланысты бұзушылықтар мен тәуекелдер анықталған жоқ.

    Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талдау кезеңінде «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі зерделенді.

    Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке басқарманың ішкі құрылымын ұйымдастыру, басқарушылық шешімдер қабылдау, жоспарлау, есептілік жүргізу және құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылы жатады.

    Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің функциялары басқарма туралы ережеде және лауазымдық нұсқаулықтарда нақты айқындалған. Басқарушылық шешімдер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, уәкілетті лауазымды тұлғалар құзыреті шегінде қабылданады.

    Талдау барысында басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде өкілеттіктерді теріс пайдалану, мүдделер қақтығысы немесе жеке мүддені көздеу фактілері анықталған жоқ. Сондай-ақ жоспарлау және есептілік жүргізу процесінде бұрмалау немесе заң бұзушылықтар орын алмаған.

    Құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл барысында өкілеттіктердің қайталануы немесе жасырын ықпал ету жағдайлары анықталған жоқ.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және бекітілген қағидаларға сәйкес, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы және қағаз түрінде көрсетіледі.

    2025 жылдың II жартыжылдығында 889 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2026 жылдың 5 айында 1763 қызмет көрсетілді.

    Талдау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің сақталуы, құжаттарды қабылдау және қарау процесінің ашықтығы қарастырылды. Қызмет көрсету рәсімдерінде дискрециялық өкілеттіктерді теріс пайдалану немесе негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ.

    Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

    Қызмет көрсету процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын жағдайлар анықталған жоқ.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    2025 жылдың II жартыжылдығында басқармаға 459 өтініш келіп түскен, ал 2026 жылдың I жартыжылдығында 578 өтініш тіркелген.

    Өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына және бекітілген ішкі регламенттерге сәйкес қаралды. Барлық өтініштер уәкілетті құрылымдық бөлімшелерге бөлініп, белгіленген мерзімдерде қаралып, тиісті жауаптар берілді.

    Өтініштердің артуына байланысты оларды уақытылы қарауды қамтамасыз ету мақсатында жауапты орындаушыларға жүктеме бөлінісі қайта қаралып, ішкі бақылау күшейтілді. Сонымен қатар өтініштерді тіркеу және орындалуын бақылау бойынша тұрақты мониторинг жүргізу тәжірибесі енгізілді.

    Басқарманың сенім телефонына және арыз-шағымдарға арналған жәшікке есепті кезеңде өтініштер келіп түскен жоқ.

    Талдау барысында өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы, негізсіз бас тарту, сондай-ақ дискрециялық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталған жоқ.

    Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан сыбайлас жемқорлық сипатындағы шағымдар түскен жоқ.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша өтініштерді қарау процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Талдау кезінде анықталған тәуекелдер:

    "Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ, "Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ, "Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ, Мамандандырылған "Сапсан" жедел қызметі мекемелері «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы хат алмасуды жүзеге асырған.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидалары
    15-тармағының 1) тармақшасына орай бір субъектіден екінші субъектіге келіп түскен қызметтік құжаттар есепке алуға жатпайды.

    Бұл ретте, «е-Өтініш» АЖ-ны қызметтік хат-хабар үшін пайдалану мынадай салдарға әкеп соғады:

    - келіп түсетін өтініштердің нақты саны туралы статистикалық мәліметтердің бұрмалануы;

    - «е-Өтініш» жүйесінде есепке алуға жатпайтын өтініштерді тіркеуге, өңдеуге және кейіннен басқа жүйелерге ауыстыруға ресурстардың шығындалуы.

    Тәуекелді жою:

    • Мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар заңды тұлғаларға «е-Өтініш» АЖ арқылы тек Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес келетін өтініштерді ғана тіркеуді қамтамасыз ету.
    • «е-Өтініш» ақпараттық-талдау жүйесін қызметтік хат алмасу үшін пайдалануға тыйым салу және оны тек азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау үшін қолдану тәртібін жүргізу;
    • Мекемелерде ішкі нормативтік актілерді қайта қарап, қызметтік хат алмасуды басқа ресми байланыс арналары (электрондық құжат айналымы жүйесі және т.б.) арқылы жүзеге асыруды регламенттеу.
    • «е-Өтініш» АЖ-ні дұрыс пайдалану бойынша қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    • Жүйені пайдалану тәжірибесіне тұрақты ішкі бақылау мен мониторинг жүргізіп, бұзушылық анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдау.

    Мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VІІ Бюджет кодексінің 124 – бабының 1 – тармағына сәйкес, бюджетті атқару жөніндегі 2025 жылға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы келесі мәліметті ұсынады:

    Жамбыл облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №20-4 шешіміне сәйкес басқармаға бекітілген шығыстар жоспары нақтылау нәтижесінде 7 512 198,0 мың теңгені құрап отыр.

    Оның ішінде 7 512 198,0 мың теңге 19 мекеменің жұмыс жасауына арналған (1 басқарма, 15 орман шаруашылығы, 1 сапсан, 1 су қоймалары және 1 парк) айлық жалақы қоры, коммуналдық қызметтер, іс сапар шығындары, күзет қызметтеріне қаралған шығыстар.

    001 «Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер» бағдарламасы бойынша 223 908,0 мың теңге бөлініп, 31 желтоқсанға игерілгені 222 558,3 мың теңге, оның ішінде қызметкерлердің еңбек ақысы, салық төлемі, зейнет және әлеуметтік аударымдар, қызметтік іс-сапарларға байланысты шығындар, жанар-жағар-май және басқа қорлар, жұмыстар мен қызметтерді төлеу және басқа шығындар. Игерілу 99,4 пайызды құрады игерілмеу себебі басқарманың сервер бөлмесіне фальшпол және фальшеден орнату жұмыстарының мерзімінде аяқталмауы.

    002 «Су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу» бағдарламасына 144 723,0 мың теңгеге « Жамбыл облысының аумағында және шекараларында су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жобаны әзірлеу » бойынша келісімшарт жасалды. Игерілуі – 100 %.

    003 «Коммуналдық меншік су шаруашылығы құрылыста» бағдарламасына 216 455, мың теңге бөлініп, игерілгені 216 445,8 мың теңге, оның ішінде 85 мекеме қызметкерлерін еңбек ақыларын төлеу, өтемақыларын және жәрдемақыларын қолданыстағы заңнамаларына сәйкес уақытылы төлеу, басқа қызметтер және шығындар, мекеме теңгерімінде тұрған су бөгеттерін, гидротехникалық құрылғыларды және басқа да су шаруашылығы объектілерін пайдалану жүзеге асырылды; сумен қамтамасыз етуді реттеу, пайдалану және қорғау, нивестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың іске асырылуына

    қатысу;. Игерілуі – 100 %.

    004 «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру» бағдарламасы бойынша 63 481,0 мың теңге, оның ішінде:

    - 3 су қоймасы –Меркі ауданы "Кенес-4 ", Жамбыл ауданы Рахат және Қордай ауданы – Майбұлақ су қоймалары жөнделді. 2 су қоймалары көпфакторлы зерттелді. Игерілуі – 100%.

    - 005 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру» бағдарламасына 6 518 038,0 мың теңге бөлініп (Республикалық бюджет – 1 339 782,0 мың теңге, 5 178 256,0 мың теңге жергілікті бюджет), игерілгені 5 177 857,7 мың теңге, оның ішінде мекеме қызметкерлеріне еңбекақыларын, өтемақыларын және жәрдемақыларын қолданыстағы заңнамаларына сәйкес уақытылы төлеу басқа қызметтер және шығындар, көгеріштендіру, қорғаныштық, плантациялық жне басқа да орман екпелерін жасау, орман шаруашылығы бойынша консультациялық және техникалық көмек көрсету, оқу-тәжірибе жүргізу, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу арқылы қызметтер көрсетеді; орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру бағдарламаларын әзірлеуге және оларды орындауға қатысады; ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтіп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді; орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерін береді. Игерілуі – 99,9%.

    - 006 «Жануарлар дүниесін қорғау» бағдарламасы бойынша жабайы жануарларға арналған шөп, жем, және минералдық азыққа 7 655,0 мың теңге бөлінді игерілгені 7 655 мың теңге. Игерілуі – 100%.

    - 008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар » бағдарламасы бойынша 47 445,0 мың теңгеге «Атмосфералық ауаның және ауа райының ағымдағы жағдайы туралы деректерді онлайн трансляциялау», «Атмосфералық ауаға ластағыш заттар шығындыларының стационарлық көздерін түгендеу» жұмыстарына келісімшарттар жасалды, «Резервтік қордағы, бекітілмеген, балық қырылу қаупі бар су айдындарын жағдайын бағалауды және биолого-экономикалық зерттеулерді, құжаттандыруды, аулаудың шекті көлеміне биологиялық негіздеме жасауды жүргізу» жұмыстары жүргізілді. Игерілуі - 100%.

    013 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 2400,0 мың теңгеге принтер 2 дана, монитор 2 дана сканер 1 дана және кресло 4 дана алынды. Игерілуі – 100%.

    Орман қорын пайдалану және орман шаруашылығы іс-шараларын ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдерді талдау.

    Басқармаға бағынысты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 15 коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Сонымен қатар, «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Орман шаруашылығында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті беріледі. Барлық қызмет түрлері «Е-лицензиялау» автоматтандырылған-ақпараттық жүйесі арқылы, сонымен қатар, қағаз (баламалы) түрінде көрсетіледі.

    2025 жылыдың 2 жартыжылдығында орман шаруашылығы мекемелерімен 11 ағаш кесу және 1750 орман билеті «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы берілген.

    Ал, 2026 жылдың 1 жартыжылдығында орман шаруашылығы мекемелерімен 6 ағаш кесу және 1483 орман билеті «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы берілген.

    Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне сәйкес Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізіледі. Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып электрондық нысанда өткізіледі. 2026 жылдың 1 жартыжылдығында орман пайдалануды ұзақ мерзімге беру бойынша тендерлер жүргізілген жоқ.

    Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы шешімдер қабылдау кезіндегі тәуекелдерді талдау.

    Басқарма «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №18-04/675 бұйрығына сәйкес жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді.

    2025 жылдың II жартыжылдығында басқарма жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру бойынша 48, ал 2026 жылдың I жартыжылдығында басқарма жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру бойынша 31 мемлекеттік қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтің барлығы электронды түрде жүзеге асырылды.

    Нәтижесінде, заңды тұлғалар және жеке тұлғалар жануарлар дүниесін пайдалануға заңмен белгіленген мерзімде рұқсат алуға қол жеткізді.

    Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық сипаттағы тәуекелдер анықталған жоқ.

    Экологиялық сараптама жүргізу және қорытынды беру рәсімдеріндегі тәуекелдерді талдау.

    2025 жылдың 2 жартыжылдығымен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін ІІ санаттағы 122 объектіге әсер етуге рұқсат берілді. 15 объекті өз өтініштері негізінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарының күшін жойды.

    240 объекті мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алды. 235 объектіге дәлелді себептермен экологиялық сараптаманың қорытындысы берілмей кері қайтарылды. 52 объектіге қоршаған ортаға әсері туралы декларация /хабарлама/ берілді.

    Еcoportal.kz сайты арқылы қоғамдық тыңдалым өткізуге 335 өтініш келіп түсті. Ашық жиналыстар түріндегі қоғамдық тыңдаудың 175-і өткізіліп, 14-і кері кері қайтарылды. Жария талқылаулар арқылы өткізілетін қоғамдық тыңдаулар саны - 226.

    Талдау кезінде анықталған тәуекелдер:

    Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бойынша Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге міндетті. Әзірленген сапаның нысаналы көрсеткіштері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады және оны жергілікті өкілді органдар бекітеді. Алайда, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері әлі күнге дейін әзірленбеген және жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынылмаған.

    Тәуекелді жою:

    • Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуді жеделдету.
      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 37-бабы талаптарына сәйкес әрбір бес жылдық кезеңге арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу жұмыстарын жедел ұйымдастыру және уәкілетті органмен келісу рәсімдеріне енгізу;
    • Ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және бекіту рәсімін қамтамасыз ету. Әзірленген көрсеткіштерді жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті орган және мәслихат арасында келісу мен бекіту процесін жүйелендіру, жауапты тұлғаларды нақты бекіту арқылы рәсімнің тоқтап қалуын болдырмау.
    • Мониторинг, талдау және орындалуын бақылау жүйесін енгізу.
      Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің орындалуын тұрақты бақылау, жыл сайынғы мониторинг жүргізу және нәтижелерін талдау арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау механизмін енгізу.

    Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану мәселелерін қарау кезіндегі тәуекелдерді талдау.

    2025 жылыдың 2 жартыжылдығында Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның маңызының аздығы туралы 37 қорытынды «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы берілген.

    Кен іздеушілікке арналған 4 лицензиялар «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы берілген.

    2026 жылдың 1 жартыжылдығында Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның маңызының аздығы туралы 20 қорытынды «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы берілген.

    Кен іздеушілікке арналған 2 лицензиялар «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы берілген.

    Басқарма басшысының

    орынбасары, топ жетекшісі Б.Молдашев

    Орман шаруашылығы және

    Жануарлар дүниесін қорғау

    бөлімінің басшысы, топ мүшесі А.Жакипов

    Кең таралған пайдалы қазба

    байлықтарды пайдалану, экологиялық

    сараптама және су қорғау

    бөлімінің басшысы, топ мүшесі М.Айтуганов

    Басқарманың бас маманы

    бас бухгалтері, топ мүшесі Ж.Шуылдакова

    Басқарманың бас маманы,

    топ мүшесі А.Сатенов

    Таныстым:

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    табиғи ресурстар және табиғат

    пайдалануды реттеу

    басқармасының басшысы Н.Егембердиев

    Жүктеу
    Анықтама 2026 1 жартыжылдық (2)
    Анықтама 2026 1 жартыжылдық (2)
    DOCX · 44 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «ForgeX Solutions Ltd.» ЖК

    Орналастыру күні Хабарландыру 27.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Жамбыл облысы, Тараз қаласында орналасқан «QAZAQ WIND POWER» ЖШС объектісі...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «AuKZ» ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 27.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat) хабарламасында:«Жамбыл облысы, Та...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «AuKZ» ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 27.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «AuKZ» ЖШС-нің «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қатты пайдалы қазбаларға барлау жұмыстарын...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «AuKZ» ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 27.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қатты пайдалы қазбаларға барлау жұмыстарын жүргізу» жөнін...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «KARATAU LIME» ЖШС

    Орналастыру күні Хабарландыру 27.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан цемент зауытының базасында тәулігі...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «ForgeX Solutions Ltd.» ЖК

    Орналастыру күні Хабарландыру 24.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жамбыл облысы Тараз қаласында орналасқан «ForgeX Solutions Ltd.» ЖШС-нің жоспарланып отырға...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    МУХИЕВ ЕСЕЙ ҚАДЫМҰЛЫ ЖК

    Орналастыру күні Хабарландыру 24.07.2026ж. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жамбыл облысы Тараз қаласында орналасқан Мухиев Есей Қадымұлының ЖК-нің (18.07.2026 ж. № KZ...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    ""Қазақмыс корпорациясы" ЖШС №26182131001

    Орналастыру күні Хабарландыру 24.07.2026 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС келесі жобалар үшін ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулардың өткізілетінін хабарлайды: «Shatyrkol-Jaysan Тau-ken ondirisi» - «Қазақмыс корпорациясы...

    Жарияланды: