Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің Келес ауданы тұрғындарымен 27.03.2025 жылғы кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

    Түркістан облысының әкімдігі

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Аяқтау нысаны

    Орындалуы

    Мәдениет саласы

    1.

    Біртілек ауылында мәдениет үйіне әзірленген жобаның жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты, қаржы бөлу мәселесі.

    Біртілек елді мекенінің тұрғыны Жораева Шолпан.

    Мерзімі жақындаған жобалау – сметалық құжаттамаға түзету енгізіп, қажетті қаржыны бөлуді ұйымдастырып, мәдениет үйінің құрылысын салу.

    01.08.2026 ж.

    Келес ауданының әкімдігі

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Облыстық мәдениет басқармасы

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Нысанды пайдалануға беру

    (Қаражат бөлінуіне қарай)

    Біртілек ауылында 200 орынға арналған мәдениет үйін және кітапхана құрылысы нысанының жобалық-сметалық құжаттары 2022 жылы әзірленіп, 26.01.2023 жылы №19-0035/23 санды мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

    Сметалық құны 635,1 млн теңге.

    Дегенмен, ҚР Үкіметінің 24.09.2025 жылғы «Жоспарлау кезінде бюджет қаражатын жекелеген шығыстарға бөлуге және бюджетті атқару кезінде жекелеген шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеуді дербес пайдалануға мораторий енгізу туралы» қаулысының 1 тармағы 1 тармақшасында 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәдениет ұйымдарының жаңа объектілері мен құрылысжайларын салуға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілген.

    Сондықтан, Біртілек ауылында 200 орынға арналған мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы енгізілген мораторий аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.

    Өтініш иесіне 18.11.2025 жылғы №1760 хатпен жауап жолданды.

    Автомобиль жолдары саласы

    2.

    Абай ауылындағы Қырғызалиев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

    Абай ауылының тұрғыны Мүсір Құрманғазы.

    Қырғызалиев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу (шұңқырларды жамау).

    01.08.2025 ж.

    Келес ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    (Қаражат бөлінуіне қарай)

    Аудан көлемінде шұңқырларды ретке келтіру үшін Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Асем-Жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 2025 жылдың 12 маусым айында №77 келісім шарт түзіліп ретке келтіру жұмыстары жүргізілді .

    Қосымша аталған көшенің асфальт жасбындысын алып тастап, қайта төсеу үшін жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.

    Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде жеңімпаз мердігер мекеме анықталғаннан кейін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

    3.

    А-15 «Жызақ – Гагарин – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек Жолы» республикалық маңызы бар жолының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

    Журналист Асанова Ләзат.

    А – 15 «Жызақ-Гагарин – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек Жолы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының
    156 – 190 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын (асфальттау) сапалы жүргізіп, пайдалануға беру.

    01.12.2025 ж.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

    «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша)

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Келес ауданының аумағынан өтетін А-15 Республикалық маңызы бар «Жызақ – Гагарин – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш - Жібек жолы» автомобиль жолының жалпы ұзындығы
    77,6 шақырымды құрайды.

    2025 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Түркістан облыстық филиалының тапсырысымен А-15 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының яғни 156 шақырымынан 191 шақырымы аралығына мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан асфальт салу жұмыстары толық жүргізілді.

    Жол қауіпсіздігі мәселесі

    4.

    А-15 «Жызақ – Гагарин – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек Жолы » республикалық маңызы бар жолының Керегетас ауылының қиылысына бағдаршам орнату мәселесі.

    Ақжол елді мекенінің тұрғыныЖораева Гаухар.

    Бағдаршам орнату жұмыстарын жүргізу.

    30.08.2025 ж.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

    «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша)

    Облыстық

    Полиция департаменті (келісімі бойынша)

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Бағдаршам орнату

    Біртілек ауылдық округі, Кереге тас елді мекені аумағында тұрғындардың арыз-шағымдарына сәйкес, Республикалық маңызы бар А-15 Жиззах – Гагарин – Жетісай – Киров –Кызыласкер – Абай – Сарыағаш - Жибек жолы» автомобиль жолымен КХ-98 облыстық маңызы бар автожолдарының қиылысына көшеден өтетін мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатында 4 бағытта бағдаршам орнату үшін аудандық полиция бөлімінен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на тиісті рұқсатнама алу үшін 09.04.2025 жылғы №5-1/68/494-И санды шығыс хаты жолданды.

    5.

    Ө.Жәнібеков мектебінің алдындағы жол бойына бейнебақылау камерасын орнату мәселесі.

    Абай ауылының тұрғыны Мүсір Құрманғазы.

    Абай ауылы М.Артықов көшесінің бойындағы Ө.Жәнібеков мектебінің алдына бейнебақылау камерасын орнату мүмкіндігін қарау.

    31.08.2025 ж.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

    Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

    Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша)

    Келес ауданының әкімдігі

    Бейнебақылау камерасын орнату (Қаражат бөлінуіне қарай)

    Келес ауданы, Абай ауылы, М.Артықов көшесі бойында орналасқан №2 Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебінің тұсына жаяу жүргіншілер жолағын, қажетті жол таңбалары мен жол белгілерін және бейнебақылау камерасы орнатылып тапсырма орындалды.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    6.

    27 шақырым Шошым каналын бетондау жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі.

    Көлтоған елді мекенінің тұрғыны Бекботаев Зорқұл.

    Бюджеттен қажетті қаржы бөліп, Шошым каналын бетондау жұмыстарын жүргізу.

    01.10.2027 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    (Қаражат бөлінуіне қарай)

    Сарыағаш ауданы әкімдігі тарапынан Шошым каналының
    27,2 шақырымына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

    ЖСҚ құны 5,1 млрд.тг құрайды. Республикалық бюджеттен қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

    Тиісті қаражат бөлінгеннен кейін Біртілек ауылдық округі аумағынан Шошым каналын 11,5 шақырым бөлігін бетонмен қаптау жұмыстары басталады.

    7.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша қаржыландыру мәселесі.

    Біртілек елді мекенінің тұрғыны Куанышбаев Мухаммед-али.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша заң талаптарына сәйкес өтініш иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жазбаша ақпарат енгізу).

    14.04.2025 ж.

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    «Turkistan» әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

    Келес ауданының әкімдігі

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2025 жылы Абай ауылы, Ұшқын, Алпамыс батыр, Бірлесу ауылдық округтері қатысады.

    Келес ауданы бойынша 2023 жылға пилоттық жоба ретінде
    4 ауылдық округ Ошақты, Қошқарата, Ақтөбе, Біртілек анықталып, жобаға қатысқан.

    Өз кәсібін дамыту бағыты аясында тапсырылған жобалар талаптарға сәйкес, келген жағдайда заң аясында несие комитетінде қаралып сұратылған қажетті несие қаражаттары мақұлданатын болады.

    Ауыл шаруашылығы басқармасынан өтініш иесіне 15.04.2025 жылғы №30/972 хатпен жауап жолданды.

    8.

    Аудандағы зиянкес шегірткенің көбеюіне қарсы жасалып жатқан залалсыздандыру жұмыстары туралы.

    Бозай елді мекенінің тұрғыны Хидиров Еділбай.

    Аса қауіпті зиянды организмдер шегірткелердің (Марокко шегірткесі) ошақтарын анықтап, залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу.

    01.06.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков

    ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы (келісімі бойынша)

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысы бойынша ақпарат енгізу

    ҚР Ауыл шаруашылығы министлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Келес аудандық филиалы болжамы бойынша 2025 жылы 106 мың гектар аумақта морокко шегріткесі анықталған.

    21.05.2025 жылғы мәлімет бойынша жалпы аудан аумағында 17 сектор 166,9 мың гектар аумақта мердігер мекеме ЖК «Бағжан», әуемен дәрілеу жұмыстарын «Дельта Юг» авиакомпаниясы арқылы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

    Аудан бойынша 17 секторда 190 анықтаушы, «Болжам орталығынан 27 азамат. Жергілікті әкімдіктерден 25 жауапты қызметкерлер өз аумақтары бойынша жұмыс атқарды.

    Сонымен қатар ауыл және ауылдық округінен 71 азамат (шопандар) ерікті ретінде ауылдық округтерінің аумағында анықтау жұмыстарын жүргізді.

    Жалпы 77 дана техника қызмет ақтарды.

    О.і мердігердің техникасы 37 дана.

    1. Ветеринариядан 2 техника дук.

    2. РГП-дан- 2 дана (кофейнии), Газогенератор 2 дана.

    3. Жетісай және Мақтарал аудандарынан 19 дана тарктор.

    4. Трактор штанговый 2 дана.

    5. Ауыл шаруашылық басқармасынан 10 дана бүріккіш қондырғы.

    Өтініш иесіне №809 санды 22.05.2025 жылғы хатпен жауап жолданды.

    Спорт саласы

    9.

    «Нұржан ата» ЖШС спорт үйірмесі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында
    5 жыл мерзімге келісім жасаған.

    Келісім мерзімі аяқталуына байланысты «Нұржан ата» ЖШС спорт кешенін қайта ашу мәселесі.

    Абай ауылының тұрғыны Омашева Малика.

    Жұмысшы тобын құрып, «Нұжан ата» ЖШС спорт үйірмесі бойынша және ондағы шұғылданатын балалар санына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу.

    01.05.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары

    Е.Алтаев

    Облыстық дене шықтыру және спорт басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Зерделеу қорытындысы бойынша ұсыныс енгізу

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың бұқаралық спортын дамыту мақсатында еліміз бойынша мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасы іске асырылуда бұл бағдарлама 2021 жылдың тамыз айынан бастап іске қосылған.

    Аталған бағдарламаның мақсаты 4-17 жастағы балалардың бос уақытын тиімді өткізіп спорт секциясына қатысқаны үшін жан басына қаржыландырылады.

    Бұл жобаға жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп жатқанын ескере отырып, Абай ауылындағы «Нұржан ата» ЖШС-ін қайта ашу мәселесі бойынша «Келес ауданы, Абай ауылында спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебін ұйымдастыру және пайдалану» мемлекеттік спорттық тапсырыс есебінен қаржыландыру жобасы ұсынылады.

    Ұсыныс өтініш иесіне 08.05.2025ж №ЖТ-2025-01374536/1 санды хатпен жолданды.

    Денсаулық саласы

    10.

    Аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау мәселесі.

    Абай ауылының тұрғыны Мүсір Құрманғазы.

    Аудандық аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтауды қамтамасыз ету.

    31.05.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

    Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Нысанды пайдалануға беру

    Көтерілген өзекті мәселелердің бірі «Абай» Келес аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары барысында көрсетілген кемшіліктер мен орындалмаған жұмыстарды мекеме тарапынан ретке келтірілді.

    Қабылдау-тапсыру актісі жасалынды.

    Өзге мәселелер

    11.

    Керегетас елді мекені маңында орналасқан бұрынғы Сарыағаш ауданының қоқыс полигонын ретке келтіру мәселесі.

    Керегетас елді мекенінің тұрғыны Дүйсебеков Еркебай.

    Сарыағаш ауданына қарасты қоқыс полигонын толық жауып, орнына рекультивация жасауды қамтамасыз ету және құзырлы мекемелермен бірлесіп ауыл тұрғындарына қоқыс тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

    01.12.2025 ж.

    Сарыағаш ауданының әкімдігі

    Келес ауданының әкімдігі

    Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша)

    Түсіндірме жұмыстарын жүргізу және рекультивация жасау

    Аталған қоқыс полигон Сарыағаш ауданы аумағында орналасуына байланысты Көктерек ауылдық округі әкімдігі тарапынан рекультивация жасауға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

    Бүгінгі таңада, қоқыс полигонын пайдаланып келген Көктерек ауылы тұрғындарына қоқысты белгіленген орынға тастау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    12.

    Алғабас ауылындағы мал ұрлығына қатысты жазылған арыздар бойынша полиция бөлімімен тиісті шаралар көруіне ықпал ету мәселесі.

    Алғабас елді мекенінің тұрғыны Жұмабеков Мухаммедали.

    Аудандық полиция бөліміне тіркелген қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шаралар қабылдау.

    01.05.2025 ж.

    Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша)

    Келес ауданының әкімдігі

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Келес ауданы, Алғабас елді мекені тұрғыны М.Жұмабековтың мал ұрлығына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында тиісті шара қолдану тапсырылған.

    Азамат М.Жұмабековтың арызы негізінде Келес АПБ-мен 01.03.2025 жылы ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлімімен №255155031000068 санды қылмыстық іс қозғалып іздестіру жұмыстары барысында М.Жумабековтың жоғалған малы Келес ауданы, Қошқарата ауыл округінің қырлы дала жайылым жерінен табылып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35-бабы, 1-бөлімі, 2 тармағы бойынша қылмыс құрамы жоқ деп тоқтатылған.

    Келес АПБ-нің 06.02.2026 ж 3-1/37/287 хаты.

    13.

    Мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктілік мәселесі.

    Журналист Асанова Ләзат.

    Аудандағы білім нысандарында ерте жүктіліктің алдын-алу тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру.

    01.05.2025 ж.

    Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев

    Облыстық білім басқармасы

    Келес ауданының әкімдігі

    Облыстық полиция департаменті (келісімі бойынша)

    Жиналыс ұйымдастыру

    Кездесуде айтылған мәселеге қатысты Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында 2024-2025 оқу жылында №41 Қ.Сәтпаев ЖББМ базасында «Мектептегі зорлық-зомбылықпен қалай күресу керек» №33 «Жуантөбе» ЖББМ базасында «Отбасы тәрбиенің алтын бесігі» тақырыптарында облыстық, №7, №33 «Жуантөбе» мектептерінде аудандық, №12 Р.Әлібекұлы, №32, №20 Т.Бердияров мектептерінде аймақтық тәжірибелік әдіс-алмасу семинарлары өткізілген.

    Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандағы 55 мектепте, Кәмелетке толмағандар арасына құқықбұзушылық пен қылмыстың, ерте жүктіліктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ата-аналармен оқушыларға арналған түсіндіру ақпараттық насихаттық жиындар өткізілді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, әділ билер алқасы, учаскелік полиция қызметкерлерінің және ауыл билерінің қатысуымен мектепте оқушылар арасындағы әлімжеттіліктің, буллингтің және діни экстремизммен терроризмнің, алдын алу бағыттарында мектептердегі 8-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

    Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасын алға тартып, қылмыстың, ерте жүктіліктің зорлық-зомбылықтың, суйцидтің,буллингтің алдын алу мақсатында 2025 жылдың 18 сәуір күні №13 Т.Бигелдинов атындағы білім беретін мектептің базасына тәрбие орынбасарларға және мектептердегі педагог-психолог мамандарына арналған аудандық семинар ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар аудан әкімшілігі, Келес ауданының білім бөлімі, аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен абай ауылында орналасқан «Ә.Кенжеев» атындағы аудандық мәдениет үйіне әр аптаның бейсенбі, жұма күндеріне ауыл билері, ауыл имамдарының қатысуымен аудандағы ата-аналарға жиындар өткізу жоспары бекітілді.

    14.

    Біртілек ауылдық округі, Игілік ауылындағы жер учаскесін беру мәселесі.

    Абай ауылының тұрғыны Жаркинбаев Абилхайр.

    Игілік ауылындағы 60 га жерге арналған жер учаскесіне қажетті инфрақұрылым жүйесін жүргізіп (электр, ауыз су, жол), кезегі келген азаматтарға табыстау.

    30.10.2026 ж.

    Келес ауданының әкімдігі

    Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Облыстық құрылыс басқармасы

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Нысанды пайдалануға беру

    (Қаражат бөлінуіне қарай)

    Біртілек ауылдық округі, Игілік ауылынан кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру мақсатында 34 гектар алаптан 143 жер учаскесі анықталған.

    Қазіргі таңжа электр бағаналары және электр желілері жүргізілді, табиғи газ жүйесін жүргізу үшін ГРП құрылысына қажетті 0,0036 га жер учаскесіне мемлекеттік акті алу жұмыстары жүргізілуде.

    15.

    Абай ауылы, М.Артықов көшесі бойындағы №1 және №2 екі қабатты тұрғын үй алдындағы қоршауды алып тастау мәселесі.

    Абай ауылының тұрғыны Омашева Малика.

    Өтініш иесіне Абай ауылы, М.Артықов көшесі бойындағы №1 және №2 екі қабатты тұрғын үлердің аумағын абаттандырып, қасбеттерін ретке келтіргеннен кейін жол бойында орналасқан қоршаулар алынатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

    15.04.2025 ж.

    Келес ауданының әкімдігі

    Нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

    Кездесуде көтерілген мәселе бойынша Абай ауылы әкімдігі тарапынан аталған аумақта көше бойындағы қоршауларды алып абаттандыру, қосымша ішкі жол салу бойынша бюджеттен қаражат қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын маусым айына дейін бастау жоспарланып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    Өтініш иесінің сұрағы бойынша қоршаулар алынып тасталды.

    Сонымен қатар М.Артықов көшесі бойындағы №1 және №2 көп қабатты үй иелері мен коммерциялық нысан иелеріне қасбеттерін толығымен ретке келтіру қажеттілігі ескертіледі.

    Жүктеу
    План мероприятий по выполнению актуальных вопросов, поднятых на встрече акима Туркестанской области Н.Кошерова с жителями Келесского района 27.03.2025 года.
    DOCX · 53 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: