«Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жүргізілген 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы

    ·

    «Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жүргізілген 2026 жылдың қаңтар- маусым айларыныңқорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы

    Арал қаласы2026жылғы «30» маусым

    Кіріспе бөлім

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні – Арал қаласы әкімі аппаратына бағынысты мекеме бойынша барлық саланың қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау, қаржылық қызметтер және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпаратты жинақтау, талдау және қорытындылау, сонымен қатар, мемлекеттік органдармен бұрын жүргізілген тексеру нәтижелері, құқықтық статистикадан алынған, БАҚ құралдарында жарияланған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және өзге де заңмен шектелмеген ақпараттарды жинақтап, анализ және бағалау жасау жолымен жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары қорытындысы бойынша жасақталған.

    Жүргізілген ішкі талдау 3 негізгі бөлімнен тұрады, атап айтқанда, кіріспе бөлім, ақпараттық-талдамалық бөлім және қорытынды бөлім.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың практикалық құндылығы – сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәуекелдер бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар қабылдау арқылы аталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғызады.

    Ақпараттық-талдамалық бөлім

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында Заңы(бұдан әрі – Заң) қ абылданды.

    Аталған Заңның 8-бабының 5-тармағында мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайтындығы көрсетілген.

    Заңның осы талабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілді.

    Қағиданың 3-тармағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.

    Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесімен қала әкімдігіне қарасты «Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына
    2026 жылдың қаңтар-маусым айлары қорытындысымен атқарған қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Нәтижесінде:

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға қатысты:

    жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (арыздарын) қарау барысында мерзімдерінде, заңнамалар нормаларының қолданылуында, қайта шағым беру және т.б. сияқты кемшіліктер орын алмаған.

    Сондай-ақ аудандағы мерзімді баспа-газеттерде жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде жағымсыз мақалалар жарияланбаған.

    Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер бойынша:

    2026-жылдыңқаңтар-маусым айларының қорытындысымен тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер болмаған.

    2026-жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойыншақылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылық фактілері болмаған.

    Персоналды басқару бойынша.

    Жалпы кәсіпорын бойынша 13 қызметкер.

    Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша «Зейнулла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2026 жылға арналған мәдени-көпшілік жұмыстарының жылдық жоспарыныңорындалуы бойынша

    Мәдени-көпшілік жұмыстарының жылдық жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабына сай көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде толық және анық ақпарат ұсынады.Осы талапқа сәйкес,мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары көрнекі орынға орналастырылған.

    «Зейнулла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынданормашығармашылық, құқықтық актілердің заңнама нормаларына сәйкесрәсіделуіне және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларды сақтау бойынша.

    Құқықтық актілердірәсімдеу кезінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы6 сәуірдегі Заңының талаптары кәсіпорындасақталған.

    Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, бұйрық кітабы арналған. Фирменный бланк бар.

    Тұлғалардың өтініштері бойынша.

    «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Бұдан әрі - Заң) 13-бабына сәйкесмемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдардың басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.

    Тұлғалардың өтініштері бойынша аталған кәсіпорынға 2026-жылдың қаңтар-маусым айларында ешқандай өтініш келіп түспеген.

    Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілген. Атап айтқанда, өтініштерді тіркеу журналы арналған.

    Қаржылық қызметтер бойынша.

    Есеп құжаттарындаанықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, электронды есеп құжаттары қағаз түрінде шығарылып, сақталуда.

    Жалпы құжатайналым бойынша.

    Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысының15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс құжаттарды тіркеу журналы, шығыс құжаттарды тіркеу журналы және ішкі құжаттарды тіркеу журналы ашылып, тиісті кіріс-шығыс құжаттары тіркеліп отыру керек.

    Кәсіпорында кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу журналы ашылып бекітілген, жыл басынан бері келіп түскен хаттар жәнемекемелерге жолданған шығыс хаттартиісті журналға құжаттар тіркелген.

    Қорытынды бөлім

    2026 жылдың қаңтар-маусым айларықорытындысымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, қала әкімдігіне қарасты «Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынасыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, болдырмау, жолын кесу мақсатындажұмыс тобымен төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамыз:

    1.«Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры М.Нұрмағанбетоваға:

    1) құжаттардың әзірленуін, заңдылықтардың сақталуын қатаң бақылауға алуға және құжаттарды мерзімінде мұрағатқа тапсыруға.

    Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмау, алдын алу мақсатында Өз тараптарыңыздан талдау жасап, кемшіліктер орын алған жағдайда дереу Заңға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуді.

    З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет

    үйі КМҚК директоры: М.Нұрмағанбетова

    З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет

    үйі КМҚК жауапты комплеанс опицері: А.Құдайбергенова

    Жүктеу
    «Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жүргізілген 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы
    «Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жүргізілген 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың анықтамасы
    PDF · 2,7 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 467 «2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жоба Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 467 «2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихаты...

    Жарияланды: