2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өтті.
«БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға және қаржылық болашағын жоспарлау кезінде неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сайт және мобильді қосымша арқылы қызметтердің тәулік бойы қолжетімділігі Қормен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етеді және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.