Qum Ondiru» ЖШС
Сіздің Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан «Жайрем» кен орны бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз.
«Орталыққазжерқойнауы» ӨД жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы жерінде орналасқан «Жайрем» кен орны бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге Сіздің өтінішіңізге оң келісімін берді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларының» 21-тармағына сәйкес Сізге «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарын келісу және жою жоспарына сараптама жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9,22,91-баптарына сәйкес, жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз шешімге жоғары тұрған мемлекеттік органға не жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Басшы С. Сандыбаев