2026 жылғы 29 қарашада ҚР мәслихаттарының депутаттарын сайлау өтеді.

    Ақтөбе облысының әкімдігі

    2026 жылғы 29қарашадаҚР мәслихаттарыныңдепутаттарынсайлау өтеді.

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    Облыстық мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы (саяси партиялары), екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қала мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Кезектен тыс мәслихат депутаттары сайлауын дайындау мен өткізуге жалпы саны 721 сайлау комиссиясы жұмылдырылды, оның ішінде 14 аумақтық, 185 округтік және 522 учаскелік комиссиялар.

    Сайлау комиссияларысы құрамында 4473 азаматтар бар (98 АСК мүшелері, 925 ОСК мүшелері, 3450 УСК мүшелері).

    Арнайы жоспарға сәйкес облыс көлемінде сайлау комиссиясы мүшелеріүшін каскадты тәсілде 298 семинар және де басқа сайлау процесіне қатысушылар үшін 33 семинар ұйымдастырылды.

    Учаскелік сайлау комиссиялар ағымдағы жылғы 9 қарашасынан бастап жұмысқа кірісті. Сайлау күні сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

    Қалалық, аудандық сайлаукомиссиялары дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы шешім қабылданды, сайлау учаскелерін бекітті (сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін: Ақтөбе қаласында «ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімі» РММ орналасқан № 87 СУ, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылында № 330 СУ, Саға ауылында №332 СУ).

    Сайлаушылар тізімінде 579 741 сайлаушы енгізілді.

    Сайлаушыларды хабарландыру үшін мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы ақпарат бар QR кодтары бар 266149 А5 форматында шақыру қағаздары дайындалып, толық таратылды. Көпқабатты үйлерге А3 форматында 8497 шақыру қағазы ілінді.Сондай-ақ, ұялы байланыс операторлары (Kcell, Beeline, Altel) ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні сайлаушыларға SMS хабарландырулар жеткізілді.

    Сонымен қатар, орталық сайлау комиссиясымен бекітілген азаматтарды ақпараттандыру мазмұнында облыс көлемінде 478 ақпараттық баннер орналастырылды, ал 28 LED экранда ақпараттық баннер көрсетілуде. «Aqtobe» телеарнасы мен «Тандем» радио арқылы ақпараттық бейне/аудиороликтер көрсетіліп, таратылуда.

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күніне он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 13 қарашадан бастап учаскелiк сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін ала алады.

    Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын, яғни 2026 жылғы 28 қарашада сағат он сегізде тоқтатылады.

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.

    Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:

    Көгілдір–облыстың мәслихатты депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін. Облыста партиялық тізімдерін ұсынған барлығы 5 саяси партия тіркелген («Ауыл» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Әділет» партиясы).

    Жасыл– облыстық мәслихат депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін.

    Күлгін– Ақтөбе қалалық мәслихаттының депутаттарын сайлау үшін.

    Қызғылт сары– аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.

    Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.

    Сайлау заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар сайлаушыларменкездесуі үшін үй-жайларды бекітті. Кандидаттардыңүгіттiк баспаматериалдарынорналастыру үшiнорындар (стендтер, тақталар) да белгіленді.

    Облыста 2719 мүгедектігі бар сайлаушы бар, оның ішінде 1125 кресло- арбаларды пайдаланатын адам, 740 есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адам және 854 көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адам. Азаматтарды тіркеу орны бойынша 508 сайлау учаскесі бірінші қабаттарда орналасқан.

    Азаматтардың тіркелген жері бойынша 508 сайлау учаскесі бірінші қабаттарында орналасқан.Сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдарға арналған пандустармен, тактильді көрсеткіштермен, шақыру түймелерімен, дауыс беру кабиналарымен, аудио бюллетеньдермен, үлкейткішқұрылғылармен және трафареттермен жабдықталған. Алты сайлау учаскесі (Ақтөбе қаласы (2), Байғанин, Қарғалы, Қобда, Шалқар аудандары) мүгедектігі бар адмадардың дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету үшін қосымша инновациялық технологиялармен жабдықталған.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

    Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардыңсайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп 2026 жылғы 23 қарашаға жағдай, теңге № Іс-шараның ата...

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

    Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп 2026 жылғы 23 қарашадағы жағдай б...

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша мерзімді тексерулер жүргізудің 2027 жылғы I жартыжылдыққа арналған жоспарын бекіту және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 1 қарашасына Ақтөбе облысы бойынша бюджетінің орындалуы

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 08.11.2026

    Ақтөбе облысының ауылдық округтерәкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 08.11.2026 Ағымдағы жылдың 8 қарашада 2 ауданда (Байғанин, Шалқар) 2 ауылдық округтер әкімінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына...

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы

    2026 жылғы 5 қарашада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ә. Оралбаевтың төрағалығымен-Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа облыстық және қалалы...

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақтөбе облысы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат

    Ақтөбе облысы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралыақпарат Партиялық тізімдер бойынша: 5 партиялық тізімде - Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы,«Ауыл» партиясы,«Әділет» партия...

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп 31.10.2026

    Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп 31.10.2026 Бюджет түрі: 02 - Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті Орналасқан жері: 060101 - Ақтөбе облысы Қаржыландыру көзі: 1 - Бюджет Бюджеттік...

    Ақтөбе облысының әкімдігіЖарияланды: