ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КМ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
с. Молодогвардейское 2026 жылғы 29 маусым
КІРІСПЕ БӨЛІМ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 20-р өкімінің негізінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 1 маусымнан 2026 жылғы 29 мамырға дейінгі кезеңде жүргізілді.
Ішкі талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 1 маусымнан 2026 жылғы 29 мамырға дейінгі кезеңі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.
«Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КМ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды: Молодогвардейское ауылдық округінің әкімі, жалпы мәселелер жөніндегі бас маман, статистик және учаскелік инспектор жүргізді.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
- Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ МОЛОДОГВАРДЕЙСКОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КМ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ, ІШКІ ҚҰЖАТТАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Құқықтық актілерде анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік), ішкі құжаттарда – 0 (бірлік).
«Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КМ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық округтеріндегі кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта тіркеу туралы» ауылдық округ әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге, Атқарушы орган – Молодогвардейское ауылдық округінің әкімі мемлекеттік мекемесіне сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» заңдары, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік қағидалары) және өзге де құқықтық актілер.
«МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ МОЛОДОГВАРДЕЙСКОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КМ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Талдау барысында аппараттағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 2 бірлікті құрайтыны анықталды.
Талдау жүргізілген кезеңде әкім аппараты кадрларының ауысуы болған жоқ.
Лауазымнан төмендету болған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері зерделенді:
- Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларациялар уақытылы электронды түрде тапсырылған;
- Қызметке кіріскен кезде шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер уақытылы ресімделген.
Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған қызметкерлер жоқ.
Қызметкерлердің оқудан өту, біліктілігін арттыру мерзімі мен тәртібі сақталады.
Жақын туыстарының, жұбайларының және құда-жеңгелерінің бірге қызмет етуі анықталған жоқ.
Тексерілген кезеңде кадрлық ауысулар болған жоқ.
Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз материалдарға мониторинг тұрақты жүргізіледі, өткен кезеңде әкім аппаратына қатысты жағымсыз материалдар мен пікірлер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әкім аппараты 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Ауыл, селолық елді мекен жерлерінен жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Ағымдағы кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
«Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КМ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде стендте, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның веб-сайтында орналастырылған. Ауылдық округ әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар.
Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен санын арттыру, қызмет алушылардың қызмет көрсетушімен тікелей байланысын болдырмау мақсатында Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппаратында «электрондық үкімет» порталына қолжетімділігі бар өзін-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Өзін-өзі қызмет көрсету секторы компьютермен, принтермен жабдықталған. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар тәжірибелі пайдаланушылар жалпы кезекті күтпестен «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алады. Ал азамат порталда жұмыс істеуде қиындыққа тап болса, оған өзін-өзі қызмет көрсету секторына бекітілген маман көмектеседі. Өзін-өзі қызмет көрсету аймағы бойынша – 105 қызмет көрсетілді.
Ұсыныс:
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жалпы мәселелер жөніндегі бас маманға мемлекеттік қызмет алушылар арасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алуды насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу.
Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Ауылдық округ әкімі 20 шешім шығарған: жер учаскесін беру туралы – 5, Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы – 1, шешімге өзгеріс енгізу туралы – 8, нысаналы мақсатын өзгерту туралы – 4, жер пайдалану құқығын тоқтату туралы – 1, бюджет кірістері болжамының жылдық сомаларын бекіту туралы – 1. Азаматтардың қоса берілетін құжаттар пакетімен берген өтініштерін талдау кезінде:
- Шешімдерге шағымдану негіздері мен тәртібі анықталған жоқ;
- Нормативтік құқықтық базада заңдық қайшылықтар анықталған жоқ;
- Рұқсат беру құжаттарын (жер пайдалану құқығын беру туралы шешімдер) беру кезінде дискрециялық өкілеттіктер мен әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.
Ұсыныс:
Ауылдық округ әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын зерделеу бойынша іс-шараларды тұрақты өткізу.
Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Әкім аппаратына барлығы – 5 өтініш келіп түскен, оның ішінде заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан – 2, жеке қабылдауда – 2. Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының нормаларының бұзылғаны анықталмады.
Әкім аппараты қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Аудан әкімінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әкім аппаратының жұмысындағы ашықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі әзірленіп, жұмыс істейді.
Әкім аппаратында жалпыға қолжетімді жерде азаматтарды қабылдау кестесі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мәтіні орналастырылған. Азаматтардың шағымдары, пікірлері, өтініштері үшін жәшік орнатылған. Талдау жүргізілген кезеңде өтініштер түскен жоқ.
Зерттелген кезеңдегі азаматтардың өтініштерін талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына жататын өтініштердің жоқ екенін көрсетеді.
Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді, зерттелген кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
Ұсыныс:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және азаматтарды жеке қабылдау бойынша сапалы жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін тұрақты талқылау.
Ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КМ персоналды басқару қызметі ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен белгіленген шектеулерді сақтамау жағдайларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында белгіленген міндеттерді орындауды анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізеді. Шектеулерді сақтау кірістер туралы мәліметтерді жыл сайын ұсыну барысында бақыланады. Зерттелген кезеңде жоғарыда аталған шектеулерді бұзу фактілері болған жоқ.
Қаржы-шаруашылық қызметте анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына бір рет енгізіледі. Барлық шарттар жасалған, орындалған. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың аффилиирленгендігі анықталған жоқ.
«Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппараты» КМ қызметінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар фактілері тіркелген жоқ.
Әкім аппараты жүргізген мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізілді. Әкім аппараты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын тәртіпте және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын уақытылы әзірлеп, бекітеді.
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақытылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алуға жол берілмейді. Ішкі талдау нәтижесінде жүргізілген мемлекеттік сатып алуларға ауылдық округ әкімінің жақын туыстарының, жұбайларының немесе құда-жеңгелерінің ықтимал жеткізушілер ретінде қатысқандығы анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Ұсыныс:
Статистикке қаржы құжаттарын (төлем шоттарын) жасау кезінде өз функционалдық міндеттерін сапалы орындау, мемлекеттік сатып алудың ашықтығына және бухгалтерлік есепті жүргізуге тұрақты бақылау жүргізу.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Молодогвардейское ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген, ол осы талдаудың 2-қосымшасына сәйкес.
Жоғарыда баяндалғандарға сүйене отырып, комиссия әкім аппараты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқаны, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен құқық тәртібін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты өзара іс-қимыл жасайтыны, әкім аппараты қызметінде талдау жүргізілген кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытындыға келді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты тұрақты жүргізуге ұсынады.
Ұсынымдардың жалпы тізімі:
- Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы нормативтік құқықтық актілерді қатаң ұстану;
- Жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуларға тұрақты мониторинг жүргізу;
- Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық оқыту жүргізу;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және азаматтарды жеке қабылдау бойынша сапалы жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін тұрақты талқылау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Ұжымда мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің сақталуы бойынша әңгімелер өткізу.
- Жұмыс тобына осы Талдамалық анықтама бекітілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жоғарыда аталған ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Жағыпаров Ж.Қ. Молодогвардейское ауылдық округініңәкімі
Новоселова З.Х. Жалпы мәселелер жөніндегі бас маман
Тултаева С.А. Статистик
Колиушко Е.А. Статистик
Зауэр А.В. Учаскелік инспектор
Танысты: ____ Ж. Жағыпаров
Молодогвардейское ауылдық округінің әкімі