Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабы тәртібінде ҮНДЕУ

    «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

    ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

    Конституциялық өкілеттіктер шеңберінде прокуратура органдары 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыруды жалғастыруда.

    Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 13 фактісін анықтады, оның ішінде 7 факт – үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізуге байланысты.

    Барлық кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының(бұдан әрі – Конституциялық заң)27-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталатынына назар аударамыз.

    Яғни, сайлау алдындағы үгіт жүргізу 2026 жылғы 28 қарашада, сағат 00:00-де аяқталады.

    Конституциялық заңның 32-бабына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күні, яғни 2026 жылғы 28 және 29 қарашада кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады.

    Бұл ретте сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс бұрын ілінген баспа үгіт материалдарын бұрынғы орындарында сақтауға болады.

    Сол сияқты Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын да бұрынғы орындарында сақтауға болады.

    Сонымен бірге, бұрын орналастырылған үгіт материалдарын интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.

    Сондай-ақ толтырылған бюллетеньді фото- және(немесе)бейнетүсірілімге түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады(Конституциялық заңның 27-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы)

    Заңның осы нормалары сақталмаған жағдайда үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық туындайды(жеке тұлғаларға – 15, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады)

    Сонымен қатар Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерін дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейтінін түсіндіреміз.

    Сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірді сұрауға тыйым салынады.

    Көрсетілген құқықтық талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің120-бабының 2-бөлігі бойыншаәкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады(жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады)

    Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін қатаң сақтау қажеттігін қосымша еске саламыз, оған сәйкес жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі, ал демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібі белгіленген.

    Жоғарыда көрсетілген белгіленген тәртіпті бұза отырып, өткізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылық көзделген.

    Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен ұштасса,қылмыстықжауаптылық туындайды(ҚК-нің 400-бабы)

    Сондай-ақ масс-медиада жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контентті таратуға жол берілмейтініне назар аударамыз, өйткені мұндай әрекеттер үшін олардың қауіптілік дәрежесіне және келтірілген зиянға қарай Қылмыстық кодекстің
    274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық та, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы бойынша әкімшілік жазакөзделген.

    Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушыларын жоғарыда көрсетілген заңнамалық талаптарды қатаң сақтауға, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға және оларды жасаудан тартынуға шақырады.

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокурорының орынбасарыЕ. Өтегенов

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Осы Кодекстің 43-1, 44, 44-1 және 44-2-баптарында көзделген тәртіппен берілген, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукционға) шығарылатын жер учаскелеріне жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпарат (2026 жылғы қазан)

    Осы Кодекстің 43-1, 44, 44-1 және 44-2-баптарында көзделген тәртіппен берілген, сондай-ақ осы Кодекстің 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (аукционға) шығарылатын жер учаскелеріне жер учаскесін алған адамдардың тізімдері ба...

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Ақпарат

    Кез келген уақытта дауыс беруге болатын сайлау учаскелері

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу туралы Қарағанды қаласы аумақтық сайлау комиссиясының

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 29 қыркүйектегі Теміртау қаласы әкімімен кездесуде Ақтау кентінің тұрғындары көтерген проблемалық мәселелері

    2026 жылғы 29 қыркүйектегі Теміртау қаласы әкімімен кездесуде Ақтау кентінің тұрғындары көтерген проблемалық мәселелері № Көтерілген мәселе Шешу жолдары Шешу мерзімі Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшелері) Аяқтау...

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Хабарландыру

    Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

    «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурстық комиссияқұрамынаенгізу үші...

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Конкурстар

    «Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, № 1-2, А блогы)

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5607413336

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Ақпарат

    «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы 2026 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша ақпарат

    1 қосымша «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММбос лауазымдар туралы 2026 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша ақпарат № п/п Лауазымның атауы Санаты Негізгі / Уақытша (қай күнге дейін) Біліктілік талаптар жинағы бойынша...

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды:
    Хабарландыру

    Бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

    «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурстық комиссияқұрамынаенгізу үші...

    «Теміртау қ. әкімінің аппараты» ММЖарияланды: