Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
Курманбаев Дауренбек Ерназаровичті Акжона ауылдық округінің әкімі болуғакандидат ретінде тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасы мен 113-5-бабының 1, 6, 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. Дауренбек Ерназарович Курманбаев Акжона ауылдық округінің әкімі болуға кандидат ретінде тіркелсін.
2. Акжона ауылдық округінің әкімі болуға кандидат Дауренбек Ерназарович Курманбаевты тіркеу туралы хаттама жасалсын және тиісті куәлік берілсін.
3.Тіркеу туралы хабарлама Қазалы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Қазалы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясыныңтөрағасы Н. Аманбай
Қазалы ауданының аумақтық
сайлау комиссиясыныңхатшысы М. Әбубәкір
Әйтеке би кенті
№91/138
26.11.2026 жыл