1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ақпараттық - талдау тұрғысынан, ұйымдастыру - құқықтық және материалдық - техникалық салаларында басшылықты және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осыЕрежеге сәйкес жүзеге асырады.