Закон Республики Казахстан «О профилактике правонарушений»

    “Қостанай облысы әкімдігінің балалардың кұкықтарын қорғау басқармасы” коммунальдық мемлекеттік мекемесі

    78-бап. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу

    1. Білім беру ұйымдары педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде баса назар аударуды талап ететін білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады.

    2. Мынадай кәмелетке толмағандар педагогикалық сүйемелдеуге жатады:

    1) оқу пәндері бойынша үлгермейтіндер;

    2) қадағалаусыз, панасыз қалғандар, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналысатындар;

    3) білім беру ұйымының жарғысын және (немесе) ішкі тәртіптеме қағидаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзғандар;

    4) дәлелді себепсіз сабаққа бір ай ішінде төрт және одан да көп күн үнемі бармайтындар;

    5) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар;

    6) алкогольдік, энергетикалық сусындарды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), темекі бұйымдарын тұтынатындар;

    7) ойынқұмарлықтан (лудоманиядан) зардап шегетіндер;

    8) жүктілер;

    9) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшырағандар немесе зорлық-зомбылықтың куәсі болғандар;

    10) зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас жасағандар, жәбірлегендер (буллинг жасағандар);

    11) арнаулы білім беру ұйымдарын бітіргендер;

    12) қоғамға жат мінез-құлық жасағандар.

    13) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында және әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған, оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау туралы хабарлаған, суицидтік ниеті және суицид жасауға әрекет ету фактілері бар кәмелетке толмағандар;

    14) отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары сүйемелдеп отырғандар;

    15) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында істері қаралғандар;

    16) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтар анықтағандар.

    3. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеуді тағайындау мәселесі білім беру ұйымының профилактика кеңесінің отырысында кәмелетке толмаған баланың және оның заңды өкілдерінің қатысуымен қаралады.

    4. Заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы педагогикалық сүйемелдеуден бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымы мәліметтерді кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға одан әрі қарау үшін береді.

    Дереккөз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000245

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    Бюджеттік есеп

    Бұл бөлімде бюджеттің орындалуы, жоспарлы және нақты шығындар, сондай-ақ Басқарманың қаржылық көрсеткіштері туралы ақпарат орналастырылады.

    Ереже

    Ереже

    Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережеле...