«Жеручаскесіналуүшінкезеккеқою»
Жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотық) тегін жер учаскесін алу кезегіне eGov.kz порталы арқылы онлайн тұруға болады. Қызмет тегін көрсетіледі, нәтижесі 20 минут ішінде дайын болады.
Онлайн өтінім беру тәртібі
1.eGov.kzпорталына кіріп, ЭЦП арқылы авторизациядан өтіңіз.
2.«Жылжымайтын мүлік» → «Жер қатынастары»бөліміне өтіңіз.
3.«Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру»қызметін таңдаңыз.
4.Өтініш түрі ретінде «Кезекке қою» тармағын көрсетіңіз.
5.Жер учаскесін алғыңыз келетін облысты, ауданды немесе ауылдық округті таңдаңыз.
6.Өтінімге ЭЦП арқылы қол қойып, жеке кабинетке арнайы есепке алынғаны туралы хабарламаның келуін күтіңіз.
Қызмет шарттары мен тәртібі туралы толығырақ мемлекеттік қызмет парақшасынан таныса аласыз.
Маңызды шарттар
·Бір рет беріледі:жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған 10 сотық тегін жер учаскесі бір рет қана беріледі; егер бұрын мемлекеттен тегін жер алған болсаңыз, қайта берілмейді.
·Берілу мерзімі:жер учаскесі кезек келгенде және инженерлік инфрақұрылымы тартылған дайын алаңдар немесе бос аумақтар болған кезде беріледі.
·Өңірлік шектеулер:кейбір қалаларда (мысалы, Алматыда) ЖТҚ-ға арналған бос жерлердің болмауына байланысты кезекке тұру қолжетімсіз болуы мүмкін.
·Өтінім беру кезіндегі мәселелер:есепке алу бойынша сұрақтар немесе қателіктер туындаса, e-Otinish порталы арқылы жергілікті әкімдікке жүгінуге болады.