Ақтөбе облысы Полиция департаменті (әрі қарай – ПД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде
(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Министр орынбасарының номенклатурасына,
сондай-ақ Министрліктің есепке алу-бақылау номенклатурасына, Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және «Документолог» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін («Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығы).
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы қызмет өткеруді ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады,
каб. № 111, 109, 113, 103 анықтама телефондары 8 (7172) 936-111, 936-262, 936-113, 936-185, 936-103, электрондық мекенжайлар [email protected], [email protected], [email protected].
Ескертпе:Қызметкерді жоспардан тыс аттестаттау алдыңғы аттестаттаудан (кезекті, кезектен тыс немесе жоспардан тыс) кейін алты айдан ерте емес өткізіледі. Жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.