«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуғаконкурс туралыхабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:26 – 27.11.2026
Практикалық бағалау: 02.12.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4санат үшін орташа лауазымдық жалақы:282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы секторының бас маманы (2029 жылғы 25.09 дейін негізгі қызметкердің бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жол-құрылыс техникасын басқару құқығына емтихандарды қабылдау және тракторшы-машинист куәліктерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Машина-трактор паркін техникалық пайдалану қағидалары бойынша ҚР-да қолданыстағы нормативтер мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Нөмірлік белгілері мен тіркеу құжаттарын бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу, сондай-ақ олардың кепілін тіркеу. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың меншік иелерінен (иеленушілерінен) заңнамада белгіленген тәртіппен машиналарды мемлекеттік тіркегені, кепілдерді тіркегені және тракторшы-машинист куәліктерін бергені үшін белгіленген ақы алуды қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттар мен өтініштерді қарау.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар (биология) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе мал шаруашылығы немесе орман шаруашылығы немесе балық шаруашылығы немесе агроинженерия) немесе ветеринария (ветеринария) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5607899105