«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)Атырау облыстық филиалы 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге шақырады. Кездесу тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол». Іс-шара барысында Қор мамандары зейнетақы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер және зейнетақы жинақтарын басқару, оны пайдалану мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді.
Мұнда Сіз:
·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;
·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруға арналған қандай құралдары бар екенін;
·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдауға болатынын, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай беруге болатынын;
·басқарушы компанияны таңдау кезінде салымшылар өз бетінше талдау жасауы үшін қандай ақпарат қолжетімді екенін;
·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;
·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;
·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуүшін пайдалануғақойылатынталаптар мен шарттартуралытолыққанды мәлімет ала аласыз.
Аумақтық бөлімшелердің жауапты мамандарынан жеке кеңеспен қатар Сізді қызықтыратын басқа да сауалдарыңызға жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 2 желтоқсаны күні3 сессияда сағат:10:00, 11:30, 15:00онлайн форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әр ниет білдірушігекездесу басталатын уақыттасілтеме https://enpf.webex.com/weblink/register/rcb1f61c882f09e65dbacf1c5cc42434e бойынша өту қажет. Одан кейін еvent-кеңес нөмірін2512 451 6293және еvent-кеңестің құпиясөзін 12345 енгізу талап етіледі.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!