Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Тайынша ауданының әкімдігі

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың; сотталғандығы...

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Мәслихатт...

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы...

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 10 жыл мерзімге жалға беру жөніндегі жер комиссиясы отырысының хаттамасы

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 4 тоқсанға арналған бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Тайынша ауданы бойынша 2026 жылғы 1–31 қазан аралығында жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру туралы ақпарат.

    Тайынша ауданының әкімдігіЖарияланды: