ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Қызылжарма мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері

    ·

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Қызылжарма мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    26.06.2026 жыл Қызылжарма ауылы

    КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып, «Қызылжарма мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметі (әрі қарай – Кәсіпорын) табылады.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
    3. 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды кәсіпорынның
      2026 жылғы 29 мамырдағы № 21 бұйрығына сәйкес кәсіпорынның комплаенс-офицері Бекетова Ақманат Ермекбайқызымен жүргізілді.
    4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 26.06.2025-26.06.2026 жыл аралығында жүргізілді.
    5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2025-2026 жылдың маусым айы аралығындағы кезең қамтылды.

    6.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Қызылжарма мәдениет Үйінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №21 бұйрығымен құрылған төмендегі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

    • Қожабеков Рүстембек Айтжанбекұлы – директор, топ жетекшісі;
    • Бекетова Ақманат Ермекбайқызы – әдіскер, топ мүшесі;
    • Бекишева Света Ерболатқызы – есепші, топ мүшесі;
    • Алашбаев Төлеген Мұхамбетұлы – сүйемелдеуші, топ мүшесі;
    • Жаңалық Талғат Жаңалықұлы – халықтық ұжым сүйемелдеушісі, топ мүшесі.

    СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

    І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талданатын объект туралы мәліметтер:

    Кәсіпорын қызметінің басты міндеті мәдениет саласында қызмет көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    - Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, фестиваль-конкурстарды, байқауларды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнерлерінің көрмесін ұйымдастыру;

    - Семинарлар, конференциялар, көрмелер, және облыстық мәдениет саласындағы даму нысандарын ұйымдастыру;

    - Аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

    - Мәдени-демалыс қызмет орталығы саласында ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына бағытталған әр түрлі мәдени акциялар, бағдарламалар мен инновациялық жобаларды қолдау.

    Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, А.Аубакиров көшесі, № 25.

    ІІ. Кәсіпорынның қызметінде, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, кәсіпорын өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

    Қазақстан Республикасының 2026 жылы 15 наурыздағы Конституциясы;

    - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

    - Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексі;

    - «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы;

    - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

    - «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер;

    - «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексі;

    - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
    23 қаңтардағы Заңы;

    - «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы.

    ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

    3.1. Кадрлық құрам бойынша.

    26.06.2025– 26.06.2026жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен

    Қызылжарма мәениет Үйінде штаттық бірлік бойынша -16; қызметкерлер саны -17-ні құрайды. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер- 6; шаруашылық қызметкерлер-10; есепші-1. 0,5 штат бірлікте 2 қызметкер. Маусымдық қызметкерлер-2; Жылу маусымының басталуына байланысты кәсіпорын директорының 2025 жылғы 15 қазандағы №89 бұйрығына сәйкес Абдыгалиев Еркин Кудайбергенович, Есқараев Айбек Дуйсенгалиевич жұмысқа қабылданған. Барлық қызметкерлердің лауазымдары квалификациялық талаптарға сай. 2024 жылы - білім жетілдіру курстарынан өткен қызметкерлер саны-0; Кәсіпорында 6 шығаршылық қызметкер қызмет етеді. 4-еуі І дәрежелі категориясы бар. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап аттестацияланған қызметкерлерге қызметіне сәйкес қаражат төленеді. Ер адамдар-9; әйел азаматтар-8. Оның ішінде – 29 жасқа дейінгі маман -1; 30-50 жас аралығындағы қызметкерлер-11; 50 жастан жоғары -5 қызметкер жұмыс жасайды.

    2025 жылдыңжүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

    Кадрлық құрам бойынша 09 маусымнан бастап мәдени ұйымдастырушы Нурмагамбетова Жанылган Биполатовна ақысыз еңбек демалысына шығып орнына 10 шілдеден бастап Абдуллаева Карлигаш Жаркинбековна№78 бұйрықпен уақытша мәдени ұйымдастырушы қызметіне алынды. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ. Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған. Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері жоқ. Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған.

    3.2. Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша. Мәдениет Үйінің қазіргі таңда қызметкерлері арасында қақтығыстың орнын болдырмау үшін барлық шаруашылық заттарын реттеп және құжаттарын уақытылы жинақтап отыруға /шаруашылық қызметкер/ 1,0 штат бірлікте сұралады. Бұл өз кезегінде сыбайластық дәрежесін болдырмаудың бірден-бір кепілі.

    ҰСЫНЫМ:

    - Мәдениет Үйіндегі қызметкерлердің қақтығыстың орнын болдырмау үшін барлық шаруашылық заттарын реттеп және құжаттарын уақытылы жинақтап отыруға /шаруашылық қызметкер/ 1,0 штат бірлікте сұрату үшін «Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімі» КММ-не қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдауды.

    3.3. Маусымдық жұмысқа қабылдау кезінде жариялылық.

    Еңбек кодексінің 30 бабының, 5-тармақшасына сәйкес , маусымдық жұмысқа қабылдау барысында мекеме басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдер болуы мүмкін.

    Себебі, маусымдық жұмысқа қабылдау кезінде басшылық тарапынан туған туысқандыққа жол беріліп, жақын туыстарын жұмысқа мүдделілік танытып, қабылдауы ықтимал.

    Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 30 бабының 5-тармақшасының талаптарына сәйкес туған-туыс, ағайындықтың алдын алу мақсатында, маусымдық жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын «Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты» тарапынан құрып, кәсіпорынның интернет-ресурсындағы әлеуметтік парақшаларына жарияланған күнмен, ауылдық округ тұрғындарының толыққанды қатысуына жариялылық берілсе, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болады.

    ҰСЫНЫМ:

    - «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК маусымдық жұмысқа қабылдау барысында үміткерлерді (азаматтарды) іріктеу және конкурстық негізінде ашық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін маусымдық жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын «Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты» тарапынан құрып, құрамына мүдделі емес, яғни мемлекеттік емес қоғам ұйымдардың өкілдерін немесе т.б. комиссия мүшесіне енгізуді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

    Кәсіпорын

    директоры

    Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

    ҚР Конституциясына, ҚР өзгеде нормативтік –құқықтық актілеріне сүйене отырып, Заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, Заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу. Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті.

    Кәсіпорын директорының лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындалуы тиіс.

    Бұндай деректер соңғы 1 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары.

    ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

    2025 жылы мен 2026 жылдың маусым айында Кәсіпорында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

    4.1 Кәсіпорынның белгілі бір қызметкерлеріне өздерінің функциональдық міндеттеріне қосымша комплаенс-офицер қызметін жүктеген. Бұл өз ретінде, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің еңбек міндеттерін орындау барысында жеке мүдделіктің туындауына әкеліп соғады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы комплаенс-офицер қызметі штаттық бірлігі қарастырылмағандықтан, мәдениет Үйінің әдіскеріне қосымша міндеттемелер жүктелуде, осы жағдай мүдделер қақтығысын туғызуы ықтимал. Кәсіпорында комплаенс-офицер қызметкеріне штаттық бірлік берілсе, ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізеді.

    ҰСЫНЫМ:

    - «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК-на комплаенс-офицер қызметіне
    1 штаттық бірлік сұрау мақсатында, «Қалалық экономика және қаржы» бөліміне ұсыным хат жолдау.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

    Кәсіпорынмен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

    VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

    Кәсіпорынмен рұқсат беру функциясы жүзеге асырылмайды.

    VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:

    Кәсіпорынмен бақылау функцияларын жүзеге асырылмайды.

    VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

    - 2025 жылға - 55598,0 қарастырылған. Толықтай игерілді.

    2026 жылдың 6 ай- 30443,0

    ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    - 2025 жылы – барлығы 47 шарт жасалды. Оның ішінде жеке адаммен 2 шарт жасалды.

    - 2026 жылдың маусым айын қоса алғанда 27 шарт жасалды.

    Х.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Кәсіпорында 2025 жыл мен 2026 жылдың маусым айында ақпараттық жүйе әзірленбеген және ақпараттық жүйелер ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жүзеге асырылады.

    ХІ. Қызылжарма мәдениет Үйінің ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    11.1. Қызылжарма мәдениет Үйінің жалпы құжат айналымы:

    - 2025 жылы жалпы құжат саны –248 (кіріс-121,
    шығыс-127).
    2026 жылдың маусым айын қоса алғанда арыз шағымдар түскен жоқ. Мекеме басшысы – 2025 жылы барлығы - 54 бұйрық шығарды. 2026 жылдың маусым айын қоса алғанда –29 бұйрық шығарды.

    Өтініштер бойынша:

    - 2025 жылы Е-өтініш сайтынан 2 өтініш түсіп тиісті орындарға жолданған. 2026 жылы маусым айын қоса алғанда 1 өтініш түсіп тиісті орынға жолданған.

    11.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:

    Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2025 жылы қараша айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорсыз қоғам» атты қалалық ішкі саясат мамандарымен сұхбат жүргізілді. Талдау нәтижесінде Кәсіпорынмен қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша:

    ҰСЫНЫМДАР:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

    1.1. - Мәдениет Үйіндегі қызметкерлердің қақтығыстың орнын болдырмау үшін барлық шаруашылық заттарын реттеп және құжаттарын уақытылы жинақтап отыруға /шаруашылық қызметкер/ 1,0 штат бірлікті сұрату үшін «Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімі» КММ-не қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдауды.

    1.2. Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратына:

    «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК маусымдық жұмысқа қабылдау барысында үміткерлерді (азаматтарды) іріктеу және конкурстық негізінде ашық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін маусымдық жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын «Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппараты» бұйрығымен құрып, құрамына мүдделі емес, яғни мемлекеттік емес қоғам ұйымдардың өкілдерін немесе т.б. комиссия мүшесіне енгізуді;

    1.3. «Қалалық экономика және қаржы» бөліміне және уәкілетті органдарға:

    «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізу мақсатында, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін комплаенс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды.

    1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жұмыс тобы мүшелері:

    Топ жетекшісі Қожабеков Рүстембек Айтжанбекұлы

    Әдіскер, топ мүшесі Бекетова Ақманат Ермекбайқызы

    Есепші, топ мүшесі Бекишева Света Ерболатқызы

    Сүйемелдеуші, топ мүшесі Алашбаев Төлеген Мұхамбетұлы

    Халықтық ұжым сүйемелдеушісі,

    топ мүшесі Жаңалық Талғат Жаңалықұлы

    Кәсіпорын директоры Р. Қожабеков

    Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

    Кәсіпорын директоры

    Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

    ҚР Конституциясына, ҚР-ның өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу.Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Мәселен, кәсіпорын директорының тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Кәсіпорынның директоры лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындауы тиіс.

    Бұндай деректер соңғы 1 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары.

    «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК

    директоры

    ______________Р. Қожабеков

    «26» маусым 2026 жыл

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    «Қызылжарма мәдениет Үйі» КМҚК

    Ұсыным

    Іс-шара

    Іс-шараны аяқтау нысаны

    Орындау

    шылар

    Іс-шараны орындау мерзімі

    1.

    Мәдениет Үйіндегі қызметкерлердің қақтығыстың орнын болдырмау үшін барлық шаруашылық заттарын реттеп және құжаттарын уақытылы жинақтап отыруға /шаруашылық қызметкер/ 1,0 штат бірлікті сұрату үшін «Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімі» КММ-не қаржы бөлуге бюджеттік өтінім хат жолдау

    Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

    Қызылжарма ауылдық округ әкімі аппаратына хат жолдау

    Р.Қожабеков

    1 жыл ішінде

    2.

    Маусымдық жұмысқа қабылдау барысында жұмысқа қабылданатын тұлғалардың мүдделерін толықтай қадағалау мақсатында, ауылдық округ әкімі тарапынан бір мүдделі тұлғаның комиссия мүшесіне енгізуге ұсыным хат жолдау.

    Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

    Қызылжарма ауылдық округ әкімі аппаратына хат жолдау, уәкілетті органдарға хат жолдау

    Р.Қожабеков

    1 жыл ішінде

    Жүктеу
    e17c97a4916f9a7cfc0f7c845e18b1f9_original.2585738.pdf
    PDF · 2,5 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылжарма ауылдық округі әкімі аппаратының «Қызылжарма мәдениет Үйі» МКҚК-ның Қоғамдастық кеңесі отырысымен өткізілген жария талқылаудың ХАТТАМАСЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің Қоғамдастық кеңесі отырысымен өткізілген жария талқылаудың ХАТТАМАСЫ

    Жарияланды: