Тергеунәтижелерітуралыақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: А15.0 диагнозына 03.06.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама. А15.0 диагнозына 04.06.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама. А15.0 диагнозына 04.06.2026ж. келіп түскен шұғыл хабарлама.
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру): сарапшылар тартылмаған
4.Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы маусым айының 05-нен бастап 2026 жылғы 26 маусымына дейін.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Almaz Medical Group» ЖШС.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты:
1)Стационардан түскен активы бойынша науқас бақылау тексерулерінен өтпеген, бұл ҚР ДСМ м.а. 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының 2-тарауының 21-тармағын бұзу болып табылады.
2)«Даму Мед» медициналық ақпараттық жүйесіндегі жазбаларда науқас «алкогольдік» тәуекел тобына жатқызылған, бірақ оған жыл сайынғы флюорографиялық тексеру өткізілмеген. Бұл ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы No ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 2-тарауының 80-тармағы 3-бөлімінің 2-тармақшасын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және(немесе)заңды тұлғалар: жалпы практикалық дәрігер, медбике.
8. Қабылданған шаралар: эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша қаулы берілді,әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама.