«Денге қызбасы дегеніміз не?»

    Әулиекөл ауданының әкімдігі

    Мақала: «Денге қызбасы дегеніміз не?»

    Денге қызбасы — Aedes (негізінен Aedes aegypti және Aedes albopictus) масалары арқылы таралатын жіті вирустық ауру.

    Ауру тропикалық және субтропикалық климаты бар елдерде, атап айтқанда Оңтүстік-Шығыс Азияда, Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Сондай-ақ кейбір жағдайларда қоңыржай климатты аймақтарда да кездеседі.

    Инфекция жұқтырған масалардың шағуы арқылы беріледі (адамнан адамға тікелей берілмейді). Инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін созылады (көбінесе 4–7 күн).

    Аурудың негізгі белгілері:

    Дене қызуының жоғарылауы (дене температурасының 40 °C-қа дейін көтерілуі).

    Қатты бас ауруы және көздің ауыруы.

    Бұлшықеттердің, буындардың және сүйектердің сырқырап ауыруы (осыған байланысты «сүйек сындырғыш қызба» деп аталады).

    Жүрек айнуы және құсу.

    Теріде бөртпелердің пайда болуы.

    Көптеген адамдарда ауру жеңіл түрде немесе симптомсыз өтеді.

    Алайда науқастардың шамамен 5%-ында аурудың ауыр түрі — геморрагиялық денге қызбасы дамиды. Бұл жағдай ішкі қан кетулермен, артериялық қысымның күрт төмендеуімен және өмірге қауіпті шок жағдайымен қатар жүруі мүмкін.

    Алдын алудың негізгі шаралары:

    - Маса шағуынан қорғану (репелленттерді қолдану, ашық түсті, денені толық жауып тұратын киім кию және терезелерге тор орнату) және жәндіктер көбейетін тұрып қалған суларды жою.

    «Әуликөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Кабденова Гулмира Рафаэловна

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пай...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады?

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

    Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы өзінің ХҚКО ИАЖ 2.0негізгі ақпараттық жүйесін бірыңғай Qaz...

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданының учаскелік сайлау комисссияларының хабарламасы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әулиекөл ауданы әкімінің хабарламасы

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    Әулиекөл ауданының әкімдігіЖарияланды: