Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

    Ұлытау ауданының әкімдігі

    Әсер ету скринингін қарау туралы

    хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттаркеліп түсті:

    1)«Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен және топографиялық түсіріліммен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасына жалпы түсіндірме жазба;

    2)«Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен және топографиялық түсіріліммен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасының бас жоспары сызбасы;

    3)«Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен және топографиялық түсіріліммен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету)» жобасының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға әсер ету скринингі.

    СЭБ материалдарын әзірлеуші:«МПК-Проект» ЖШС.

    СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі:«Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

    СЭБ әзірлеуге жауапты:Ұлытау ауданының әкімдігі.

    СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган:Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

    1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

    2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

    3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

    4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

    Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі:2025-2040 ж.ж.

    Уәкілетті орган:Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі:2026 жылғы 23 қарашаданбастап (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні –2026 жылғы 4 желтоқсанғадейін қоса алған да).

    Байланыс деректері:Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

    Экологиялық саясат департаменті

    Тел. 8 (7172) 74-02-83

    e-mail: b. zhartybaeva @ ecogeo. gov. kz

    Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайғажіберуге болады.Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы:[email protected].

    Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

    СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

    Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

    Ұлытау ауданы әкімдігінің сайтында.

    Жүктеу
    f3340ecb6787dc24d67b7b0fafa9479533e37c3657e0f988afb5e2e110bb44c5_original.47329718.rar
    RAR · 45 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға...

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутатта...

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың; сотталғандығы...

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Мәслихатт...

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы...

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    "TUMAR TENGRI" 08.10.2026 ж. №KZ29RYS01954108 белгіленіп отырған қызмет туралы

    "TUMAR TENGRI" 08.10.2026 ж. №KZ29RYS01954108 белгіленіп отырған қызмет туралы

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    Ұлытау ауданының әкімдігіЖарияланды: