Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі

    1

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады.

    2

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    3

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады.

    Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың;

    сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадамның;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсінсот заңда белгіленген тәртіппентанығанадамныңсайлануға құқығы жоқ.

    4

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    5

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    6

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.

    Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:

    Көгілдір– астананың,облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін.

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтарҚазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

    Жасыл– астананың,облыстардың,және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін.

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтарҚазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

    Қызғылт сары– аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтарҚазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты жиі қойылатын сұрақтар

    Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.

    Жүктеу
    12f68f337de3fc9e7a0e764a0500c29e369a3d9969f5a3eed5fb9ffc77a8dd77_original.1391752.docx
    DOCX · 1,3 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Баспасөз аңдатпасы «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Баспасөз аңдатпасы «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол 2026 жылғы2 желтоқсаны күнісағат 10-00, 12-00, 15-00-деБЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 2 желтоқсанда«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)барша ниет білдірушілерді «Ашық ес...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Хабарландыру «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге ша...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан мен Өзбекстан зейнетақы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан мен Өзбекстан зейнетақы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда 04.11.2026 «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысана...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ

    Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТОГРАММАСЫ 2026 жыл Ішкі талдау материалдары негізінде әзірленді Түс Деңгей Картограммадағы мағынасы Қызыл ЖОҒАРЫ Басқарушылық шешімдер және жоғары дискрециясы б...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы 29.10.2026 Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зе...

    Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіЖарияланды: