Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізу негізі: 2026 ж. 30.03. науқастарға МКБ-10 А 15.0 халықаралық жіктемесінің коды бойынша шұғыл хабархаттар
- Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы: « Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар: талап етілмейді.
- Тергеу жүргізу мерзімі: 01.04. - 20.04.2026ж.
- Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, ШЖҚ "Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы" МКК –ның Шамалған ауылы АМСКО.
- Нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілер:
- Байланыста болғандарды санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтауға, үй-жайларды желдету, ағымдағы дезинфекция жүргізуге үйретілмеген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 56 тармақ 5 тармақша) .
- Учаскелік медициналық қызметкерлерімен халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстары толық жүргізілмейтіні анықталды (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 2 тарау, 19-тармақ 4 тармақшасы) .
- Қабылданған шаралар:
- Орындау мерзімдерін көрсете отырып, салдарларды жою және олардың
қайталануының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізу мақсатында ұсыныстар берілді, Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасының Жібек Жолы ауылының АМСКО-ның жалпы тәжірибелі дәрігеріне әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.