МАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КӨРСЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ2025 жыл
Май ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2025 есепті жылы төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру – 1;
2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу – 0;
3. Кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру – 19;
4. Ата-ана құқықтарынан айырылған, бірақ балаға теріс әсер етпейтін ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру – 0;
5. Баланы (балаларды) қонақ отбасына беру – 0;
6. Он жасқа толған баланың пікірін ескеру туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру – 19;
7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау – 0;
8. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 9;
9. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және кері қарай үйіне тегін тасымалдауды ұсыну – 107;
10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру – 107;
11. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру – 0;
12. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) күтім жасау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақы тағайындау және оның мөлшерін айқындау – 0;
13. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражатты тағайындау және оның мөлшерін айқындау – 0;
14. Бала асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке қою – 0;
15. Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражат төлемін тағайындау – 0;
16. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау – 35.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі білім бөлімінің тұрақты бақылауында.
Бөлім басшысыР. Еңсебаев