1 |
Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді? |
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың,облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады. |
2 |
Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады? |
Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. |
3 |
Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады? |
Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады. Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың; сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадамның; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсінсот заңда белгіленген тәртіппентанығанадамныңсайлануға құқығы жоқ. . |
4 |
Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады? |
Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Мәслихаттар депутаттығына: - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға; - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі. Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды. |
5 |
Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады? |
2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. |
6 |
Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады? |
2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады: ·Көгілдір– астананың,облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін. |
·Жасыл– астананың,облыстардың,және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін. ·. | ||
Күлгін– облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау үшін. · | ||
·Қызғылт сары– аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін. | ||
Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады. |
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар
Жарқайың ауданының әкімдігі
Ұқсас материалдар
Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы ШЕШІМ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ: 1. Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі...
Жарқайың ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің 2026 жылдың екінші жартыжылдығында кездесулерін өткізу кестесі
Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Жарқайың ауданы мәслихатының шешімі жобасына БАСПАСӨЗ- РЕЛИЗІ
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіЖарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлері...
«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5602985978
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5602972946
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақылары мен мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 7С-32/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жарқайың аудандық мәслихатының шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Құрметті аудан тұрғындары, Сіздерді «Азаматтыққызметшілер болып табылатын және ауылдық жердежұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда айналы...
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5596233808