Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

    Ерейментау ауданының әкімдігі

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

    1

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың,облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады.

    2

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    3

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады.

    Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың;

    сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадамның;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсінсот заңда белгіленген тәртіппентанығанадамныңсайлануға құқығы жоқ.

    .

    4

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    5

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    6

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.

    Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:

    ·Көгілдір– астананың,облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін.

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

    ·Жасыл– астананың,облыстардың,және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін..Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

    Күлгін– облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау үшін.Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

    ·Қызғылт сары– аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.

    Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша жиі қойылатын сұрақтар.

    Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

    Ерейментау аудандықмәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты№11бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының хабарламасы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалғанЕрейментау аудандықмаслихатының депут...

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫ МЕН ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАРЫ! ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (ауданның, қаланың) жергілікті атқарушы органдарынан қоғамдық тыңдаулар бастамашысына қоғамдық тыңдаулар өткізуге хат-жауап нысаны

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бөлім туралы үлгілік ереже

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралыАқмола облысы Ерейментау аудандықаумақтық сайлау № 127 ШЕШІМІ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы К...

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚХАБАРЛАМА Ақмолаоблысы Ерейментау ауданының әкімдігі Ерейментау ауданы жер комиссиясы мүшелерініңкворумыныңболмауына байланысты,Ерейментауауданы әкімдігінің интернет-ресурсында2026 жылдың 26 қыркүйегіндежарияла...

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының хабарламасы

    Ерейментау аудандықмәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты№4бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойыншаокругтік сайлау комиссиясының хабарламасы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалғанЕрейментау аудандықмаслихатының депутат...

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың екінші жартыжылдығында Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің тұрақты кездесулері барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

    2026 жылдың екінші жартыжылдығында Ерейментау ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің тұрақты кездесулері барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

    Ерейментау ауданының әкімдігіЖарияланды: