ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша
Көрсетілген кезеңде бөлім мемлекеттік сатып алудың 55 рәсімін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, ал 5 рәсімін тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен өткізді.
Бөлімнің қызметіне бөлінген бюджеттік қаражат және олардың игерілуі туралы ақпарат «Ашық бюджеттер» порталында және бөлімнің интернет-ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік сатып алу жоспарлары мемлекеттік сатып алу порталында уақтылы жарияланады.
Шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда, атап айтқанда міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде, мерзімі өткен әрбір күн үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қолданылады, сондай-ақ жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану бойынша шаралар қабылданады. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмеген жағдайда да жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану рәсімі жүргізіледі.
Жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді бұзуына байланысты талап-арыздарды сотқа уақтылы бермеу фактілері анықталған жоқ.
Контрагенттердің шарттық міндеттемелерді бұзуына байланысты талап қоюдан немесе сот талқылауынан негізсіз бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ.
Талап қою және талап-арыз жұмыстарын жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік актілер толық көлемде бар.
Ұсыным:
Бөлім басшысына мемлекеттік сатып алуды бір көзден өткізу қажеттілігін тұрақты түрде талдап, бір көзден жасалатын шарттардың санын азайту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады.
Ұсынымды іске асыру мерзімі: тұрақты негізде.
Қызметтің ашықтығы мен жариялылығы
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ қызметі бөлімнің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отырады. Бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттің атқарылуы туралы есептер «Ашық бюджеттер» порталында және Ашық бюджеттердің интерактивті картасында орналастырылады. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде комиссия құрамына қоғам өкілдері енгізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру.