«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.07-02.07.2026
1 кезеңге жіберу: 01.07-02.07.2026
2 кезеңге жіберу: 03.07.2026
Практикалық баға: 04.07.2026
Анықтама телефоны: 87164221855
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок А, грейд 3
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі экономика, жоспарлау және коммуналдық меншік секторының бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Экономика және қаржы бөлімінің жоспарлануын және қаржыландыру жоспарының орындалуын жүзеге асыру. Бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік сатып алу үдерісін ұйымдастыру, экономика және қаржы бөлімінің үш жылдық мерзімге бюджеттік өтінімін жасау. Қаржылық құжаттамаларды, белгіленген мерзімде айлық, тоқсандық есептерді рәсімдеу, бюджетпен есеп айырысу жағдайын бақылау, құндылықтарды бақылау және сақтау. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт, жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар, сәулет, қала құрылысы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері, елді мекендерді көркейту, жарықтандыру, санитарлық тазалау, сумен жабдықтау мәселелері бойынша шығыстар көлемінің бюджеттік өтінімдерін бағалау және қорытынды жасау. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының орындалуына мониторинг жасау. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5412119224