«Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және Талғар аудандық мәслихатының № 40-130 шешімімен бекітілген Талғар аудандық мәслихаты Регламентінің 74-тармағына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 40-131 шешімі жойылсын.
3. «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
Талғар аудандық
мәслихатының төрағасыМ. Алибеков
Талғар аудандық мәслихаттың
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 61-260 шешіміне қосымша
« Талғар аудандық мәслихаттың аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Талғар аудандық мәслихаттыңаппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты)Талғар аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері бар (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппенмәслихат аппаратының басшысыныңбұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы,Талғар қаласы , көшесі Дінмұхамед Қонаев, ғимарат 65, 041600.
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынады.
Егер мәслихат аппаратына заңдармен актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
13. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
15. Мақсаттары:
1) Талғар аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
2) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi;
3) аудандық мәслихат пен оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Аудандық маслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарының күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрау;
депутаттардың сауалдары мен ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдау;
2) міндеттері:
аудандық мәслихатқа жолданған заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижесін бақылауды жүзеге асыру;
аудандық мәслихат сессияларын және тұрақты комиссиялардың отырыстарын хаттамалауды қамтамасыз ету.
17. Функциялары:
1) аудандық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеру және аудындық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
3) тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарына қатысу, депутаттарға шешімдердің жобаларын, комиссиялардың қорытындылары мен мәслихат шешімдерін дайындау мәселелерінде көмек көрсету;
4) мәслихаттың нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдерін ресімдеу және әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну;
5) аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету үшін шығындарын айқындау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
6) аудандықмәслихат және оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру,аудандықмәслихат қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
7) түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау, аналитикалық материалдарын әзірлеу;
8) аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы қажетті ақпаратты мәслихаттың ресми сайтта толықтыру;
9) аудандық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруын және қайта даярлануын қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен мәслихат аппаратына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Мәслихат аппаратының басшысын мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Мәслихат аппаратының басшысының орынбасарлары болмайды.
21. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болу мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.