Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69, 71-1, 140-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қала әкімдігінің құзыретіне жария сервитуттар белгілеу кіреді.
«PWQ Land group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне НҚА жобасымен жер қойнауын пайдалану мақсатында басқа тұлғалардың жер пайдалануындағы жер учаскелеріне жария сервитут белгіленеді.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.