Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың аудандық жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында, Көксу ауданында 2026 жылдың 18-19 қараша аралығында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу шеңберінде ауданның тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі авариялар, автожолдардағы көктайғақ құбылыстары, электр беру желілерінің мұздануы, практикалық іс-қимылдар пысықталды. Аудандық оқу-жаттығу штабы Балпық би ауылында құрылды, оқу-жаттығу жоспары бойынша «Алматы-Өскемен тас жолының 237 шақырымы Мұқры асуындағы көктайғақтың салдарынан жолаушылары бар 1 жүк көлік, 2 жеңіл автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алды» тақырыбында арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға, ауданның шұғыл ден қою жасақтары, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдары тартылды (жеке құрам -75адам, техника - 26 дана).
Жалпы, аудандық азаматтық қорғаудың аудандық жүйесі оқу-жаттығудың практикалық іс-әрекеттерінде міндеттерін орындады. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
Көксу ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі