Атырау облысының 2026 жылғы қаңтар-қазандағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының көлемі 118,6 мың шаршы шақырымды құрайды.
Облыс 1 облыстық маңыздағы қаладан(Атырау),1 аудандық маңыздағы қаладан(Құлсары),7 ауданнан және 153 ауылдық елді мекеннен тұрады.
2026 жылдың 1 қазанына халық саны – 718,6 мың адам, оның ішінде қала халқы 394,5 мың адам (54,9%)(01.10.2025 ж. халық саны – 714,2 мың адам).
2026 жылдың басына ұлттық құрамы: қазақтар – 93,0%, орыстар – 4,2% және басқалары – 2,8%.
2026 жылдың қаңтар-маусымында облыстың жалпы өңірлік өнімі
8 298,5 млрд теңгені құрады.Нақты көлем индексі – 97,1%.
Республиканың жалпы ішкі өнімінің көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 11,7%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 11 569,2 мың теңге.
Облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 52,1%(оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі – 45,9%, өңдеу өнеркәсібі – 5,4%), сауда – 16,0%, көлік және қоймалау – 4,5%, құрылыс – 3,3%, ауыл шаруашылығы – 0,6%.
2026 жылдың қаңтар-қазан айларындаөнеркәсіпөнімінің көлемі
14287,5 млрдтеңгені құрады, нақты көлем индексі – 96,5%.
Тау-кен өндіру өнеркәсiбiнде 13303,6 млрд теңгенің өнімі өндiрiлді, нақты көлем индексі – 93,9%.
Есепті кезеңде облыста48,8 млн тонна мұнай(92,9%)және27,9 млрд текше метр ілеспе мұнай газы(94,2%)өндірілді.
Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 784,4 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі –118,6%.
Ауыл, орман және балық шаруашылығыөнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 139,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,5%.
Оның ішінде, малшаруашылығында – 78,6 млрд теңге(НКИ – 103,9%)және өсімдік шаруашылығында – 57,1млрдтеңге(НКИ – 101,3%).
Ірі қара мал басының саны 6,5%(254,1 мың бас), қой мен ешкі – 1,3%(599,4 мың бас), жылқы 7,3%(159,8 мың бас), түйе 1,4%(44,1 мың бас)өсті.
Есепті кезеңде облыста 41,6 мың тонна ет(103,9%), 29,0 мың тонна сүт(105,2%), 48,1 млн дана жұмыртқа(111,5%)өндірілді.
Негізгі капиталға1 356,4 млрд теңгеинвестициясалынды, нақты көлем индексі – 102,4%.
Құрылысжұмыстарыныңкөлемі 635,0 м лрдтеңгені құрады немесе 125,7%.
Облыста 450,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 80,7%.
Саудакөлемі 6854,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,1%.
2026 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымы
7730,1млн АҚШ долларын құрады немесе 2025 жылдыңсәйкес кезеңіменсалыстырғанда 95,5 %, оның ішінде экспорт – 7332,6млн АҚШ долларын(94,2%),импорт – 397,5млн АҚШ долларын құрады(120,2%).
Көлік және қоймалауқызметі 799,3 млрдтеңгеніқұрады,нақты көлем индексі – 98,1%.
Байланысқызметініңкөлемі 15 953,2 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,2%.
2026 жылдың 1 қарашасынашағын және орта кәсіпкерліктежұмыс істеп тұрған субъектілер саны 57 172 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,6%.
Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілердің(57172 бірлік)тіркелген субъектілер санындағы(61 233 бірлік)үлесі – 93,4%.
2026 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 3 165,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді(НКИ – 115,8%),осы кезеңде салада 124669 адам жұмыспен қамтылды(89,8%).
2026 жылғы 3 тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.
2026 жылдың қаңтар-қазанына 23748жаңа жұмыс орны құрылды, оның 13186-ы тұрақты, 10562-і уақытша.
2026 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы 642414 теңгені құрады немесе 2025 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 105,4%.
2026 жылдың2 тоқсанында халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі 304479 теңгені құрады(98,5%).
2026 жылдың қазан айындағы инфляция деңгейі(2025 жылдың желтоқсанына)107,6%-дықұрады, соның ішінде азық-түлік тауарларға – 105, 2%, азық-түлік емес тауарларға – 109, 6%, ақылы қызметтерге – 110, 2%.