АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Қаражал қаласының әкімдігі

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Жұмыс тобы бекітілген құрамы мен жұмыс кестесіне сәйкес «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім, Мекеме) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді.

    2025 жылғы 21 мамырдағы Қаражал қаласы әкімдігінің № 42 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, Бөлім Қаражал қаласының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Бөлім туралы Ережеде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құзыреттерге сәйкес 30 функция айқындалған.

    Бөлімнің 2026 жылғы 8 айдағы қызметінің қойылған міндеттерге қол жеткізуі және Ережеге сәйкес функцияларды іске асыруы бойынша қызметіне жекелеген мәселелер бойынша іріктеу критерийін қолдану (айқындау) арқылы талдау жүргізілді. 30 функцияның ішінен 13 негізгі функцияға талдау жасалды:

    1) Иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    2026 жылдың 8 айында иесіз жер учаскелерінің болмауына байланысты аталған функция іске асырылған жоқ.

    Аталған функция объективті себептерге байланысты іске асырылмайды.

    2) Жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін айқындау;

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес.

    2026 жылдың 8 айында өтініштердің болмауына байланысты аталған функция іске асырылған жоқ.

    Аталған функция объективті себептерге байланысты іске асырылмайды.

    3) Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, 2026 жылы 9 жерге орналастыру жобасы қаралды.

    Аталған функция іске асырылуда.

    4) Жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы орган шешімдерінің жобалары мен ұсыныстарын дайындау;

    Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық беру бойынша 2026 жылдың 8 айында 199 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Аталған функция іске асырылуда.

    5) Жер сауда-саттығын (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді ұйымдастыру;

    2026 жылы жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу 2026 жылғы 24 қыркүйекке жоспарланған.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін сату немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларына» сәйкес, Бөлім конкурсты gosreestr.kz ресми сайтында жариялайды.

    Аталған функция іске асырылуда.

    6) Қаражал қаласының жер балансын жасау;

    Жер балансы бекітілген кестеге сәйкес жыл сайын жасалады.

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жерлердің жалпы ауданы 79 243 гектарды құрайды, оның ішінде: тұрғын аймақ жерлері – 339 гектар (көпқабатты құрылыс жерлері – 43 гектар, жеке тұрғын үй құрылысы жерлері – 296 гектар), әлеуметтік аймақ жерлері – 67 гектар, коммерциялық аймақ жерлері – 597 гектар, өзге де аймақ жерлері – 78 240 гектар.

    Азаматтардың шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлері ауыл шаруашылығы жұмыстарымен (шабындық, жайылым) айналысатын С.М. Ақылбековтің шаруа қожалығына тиесілі және 2 002 гектарды құрайды.

    Аталған функция іске асырылуда.

    7) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

    2026 жылдың 8 айында өтініштердің болмауына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттары берілген жоқ, аталған функция іске асырылған жоқ.

    Аталған функция объективті себептерге байланысты іске асырылмайды.

    8) Жер учаскелерін сатып алу-сату және жалдау шарттарын, сондай-ақ уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттардың талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    Жер қатынастары саласындағы басым бағыттардың бірі – жерді пайдаланудың ақылы болуы қағидатын сақтау. Осыған орай, Қаражал қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есептер негізінде жер операцияларынан түскен түсімдер мынаны құрады:

    мың тенге

    Код

    Атауы

    2026 года

    105315

    Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

    67 324

    303101

    Жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер.

    4 399

    303202

    Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы

    81

    Барлығы:

    71804

    2026 жылдың 8 айында Мекеме тарапынан: жер учаскелерін сатып алу-сату бойынша 7 шарт; жер учаскелерін жалдау құқығы бойынша 75 шарт; жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату бойынша 1 шарт жасалды.

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 10-бабының 2-тармағына сәйкес, нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекет жеке меншікке немесе жалға ақылы негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету (арттыру немесе төмендету) коэффициенттерін қолдану арқылы айқындайды және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.

    Аталған функция іске асырылуда.

    Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 564-бабына сәйкес, төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

    9) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

    Геологиялық, геофизикалық, іздестіру, геодезиялық, топырақ, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да іздестіру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай жүргізе алады.

    Бұл ретте құрылыс мақсаттарына арналған іздестіру жұмыстары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы жобаларына (бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларына) жобаланатын құрылыс объектісінің сәйкестігі шартымен, мемлекеттік меншіктегі жерлерде жер учаскесіне құқық берілмей жүргізіледі.

    2026 жылдың 8 айында өтініштердің болмауына байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілген жоқ, аталған функция іске асырылған жоқ.

    Аталған функция объективті себептерге байланысты іске асырылмайды.

    11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру;

    Жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру қағидаларына сәйкес беріледі.

    2026 жылы 504 өтініш қабылданып, орындалды.

    Аталған функция іске асырылуда.

    13) Құрылыстарды, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау және күрделі жөндеу), сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді пайдаланудан кейінгі кәдеге жарату жөніндегі кешенді жұмыстарды жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

    Жеке және заңды тұлғалар елді мекен аумағында құрылысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12684 болып тіркелген «Құрылыс саласын ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады.

    2026 жылдың 8 айы ішінде 84 өтініш қабылданып, орындалды.

    Аталған функция іске асырылуда.

    Бөлімнің өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағында көзделген құзыреттерге сәйкес келуі тиіс.

    Мемлекеттік мекемеге заңнама талаптарына сәйкес төмендегі шараларды қабылдау қажет:

    1. Құжаттаманы белгіленген нысандарға сәйкес келтіру.

    2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін зерделеу.

    3. Жер учаскелерін жалдау ақысы бойынша берешектің туындауына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

    «Қаражал қаласының жер қатынастары,

    сәулет және қала құрылысы бөлімі»

    мемлекеттік мекемесінің басшысыЕ. Бейсембаев

    Жүктеу
    393cd43c101f3f0217396457b041824ca6ca39f6f2aee3ced922fde9c484c5ab_original.51493.docx
    DOCX · 50 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша Қаражал қаласы2...

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 10 айындағы Қаражал қаласының әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараты

    2026 жылғы 10 айындағы Қаражал қаласының әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараты Құрылған күні:1963 жыл Аумағы:124,0кв. км Халық саны:16 910 адам ( 01.11.2026 жыл) Халық тығыздығы:136,6 адам/км2 Көші-қон сальдосы:б...

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді? 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстарды...

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Аналитикалық анықтама

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Жоспар

    «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Қосымша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына БЕКІТЕМІН «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы ________________ Е.Бейсембаев «___» ____ 20...

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Іс-шаралар жоспары "Қаражал қаласының құрылыс бөлімі" ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы

    Бекітемін ММ басшысы "Қаражал қаласының құрылыс бөлімі" __________Милиус С.Ю. (талдау объектісі басшысының қолы) ____________________________ (күні) Іс-шаралар жоспары "Қаражал қаласының құрылыс бөлімі" ММ-де сыбайл...

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Қаражал қаласының әкіміне А.Елеусізовке Жұмыс тобымен бекітілген құрам мен кестеге сәйкес ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді"Қаражал қаласының құрылыс бөлімі". Бюджеттік өтінімдерді құрас...

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

    Қаражал қаласының әкімдігіЖарияланды: