Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

    Сарқан ауданының әкімдігі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол

    «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күніне» шақырады

    2026 жылғы 2 желтоқсанда«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол» тақырыбындағыкездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады.

    Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.

    Кездесу барысында сіздер:

    ·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;

    ·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын;

    ·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін;

    ·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін;

    ·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;

    ·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;

    ·тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар.

    Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңесала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі.

    Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.Биылғы9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы.

    Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз.

    Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

    Белгіленген уақытта төмендегі сілтеме арқылы онлайн-кездесуге қосылуларыңызды сұраймыз: (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mfdb4fc22ca532a9ebbc731ba6d0bbf24 ).

    Event-кеңес нөмірі: (2510 499 8645).

    Event-кеңестің құпиясөзі: (0000).

    Жүктеу
    Ваши пенсионные накопления: больше возможностей - больше выбора ЕНПФ приглашает на День открытых дверей
    Ваши пенсионные накопления: больше возможностей - больше выбора ЕНПФ приглашает на День открытых дверей
    DOC · 82 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен Esil University ө...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    ХАБАРЛАМА Сарқан ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулерінің кестесі

    ХАБАРЛАМА Сарқан ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулерінің кестесі 27 қараша жұма Аманбөктер ауылдық округі Аманбөктер ауылының Аманбөктер орта мектебінде, Сағ: 09.30 Екіаша ауылдық округі Екіаша ауылының мә...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан MCGPI жаһандық зейнетақы индексінде: мықты тұстары мен даму бағыттары

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚазақстанMCGPIжаһандық зейнетақы индексінде: мықты тұстары мен даму бағыттары 2026 жылы Marsh халықаралық компаниясы CFA Institute-пен бірлесіп, әлемнің 55 елінің зейнетақы жүйесіне бағалау жүргізд...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Реестр многоквартирных жилых домов по формам управления объектом кондоминиума и субъектов управления объектом кондоминиума области Жетысу

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Реестр субъектов управления объектом кондоминиума области Жетысу

    Реестр субъектов управления объектом кондоминиума области Жетысу

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы Сарқан ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің сән - салтанат коэффициентін бекіту туралы

    ЖОБА Жетісу облысы Сарқан ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің сән - салтанат коэффициентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 600-бабының 8-тармағына, Қазақстан Респу...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    ХАБАРЛАМА Сарқан ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулерінің кестесі

    ХАБАРЛАМА Сарқан ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулерінің кестесі 26 қараша бейсенбі Қарабөгет ауылдық округі Қарабөгет ауылының мәдениет үйі, Сағ: 10.00. Қойлық ауылдық округі Қойлық ауылының мәдени...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Басқарушы компанияны таңдаудан бастап инвестициялық портфельді айқындауға дейін: БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) мүмкіндіктері

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Басқарушы компанияны таңдаудан бастап инвестициялық портфельді айқындауға дейін: БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) мүмкіндіктері 2026 жылғы 16 қарашадан бастап зейнетақы активтерін басқарудың жаңа...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды: