Шиелі ауданының 2023–2026 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасының іске асырылуы туралы

    Шиелі ауданының әкімдігі

    Шиелі ауданының 2023–2026 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасының іске асырылуы туралы

    Шиелі ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) басқару жүйесін жетілдіру, санитарлық-экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау мақсатында 2023–2026 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама кезең-кезеңімен іске асырылуда.

    Аудан аумағында орналасқан «Сасқұм» тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыру полигоны Шиелі кенті әкімі аппаратының теңгерімінде болып табылады. Полигон Шиелі кентінен 7,5 шақырым қашықтықта орналасқан, жалпы жер көлемі 25 гектарды құрайды. Полигон аумағы толықтай темір сым қоршаумен қоршалған, бақылау-өткізу пункті (КПП) ғимаратымен, бейнебақылау камераларымен, жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілген. 2022 жылы жалпы ұзындығы 2005 метр темір сым қоршау орнатылып, «Жолшы» ЖШС тарапынан 28,0 млн теңге көлемінде қаржыға абаттандыру және қоршау жұмыстары жүргізілді, трансформатор орнатылды.

    «Сасқұм» тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыру полигоны 2002 жылы құрылған. 2020 жылғы 23 шілдеде №157994 электрондық тендер нәтижесімен ЖК «Женсикбаев Ербол Якулаевичке» сенімгерлік басқаруға беріліп, 2023 жылғы 25 наурызда келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылды.

    2023 жылғы 21 тамызда полигонды кейіннен сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы №1146-ДУ шарт «Өрлеу KZ» ЖШС-мен жасалып, алайда 2024 жылғы 28 наурызда тараптардың өзара келісімімен шарт бұзылды. 2023 жылы аталған серіктестікпен 2218 тұрғын және 520 заңды тұлғамен келісімшарт жасалып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Кент бойынша ТҚҚ-ға арналған контейнерлер саны 189 бірлікті құрады, аудан аумағында сынапты шамдарға арналған 74 контейнер орнатылды. Аудан бойынша түзілген қалдық көлемі 12 850 м³ топырақ аралас қалдықтарды қамтып, 1101 тонна қалдық тасымалданды.

    Шиелі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі №97-қ қаулысына сәйкес, «Сасқұм» полигонын кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мақсатында 2024 жылғы 22 сәуірде конкурс жарияланып, 2024 жылғы 14 мамырда өткен тендер қорытындысы бойынша «Формула Безопасности-Астана» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Осыған орай, 2024 жылғы 14 мамырда «Шиелі кенті әкімі аппараты» КММ мен аталған серіктестік арасында полигонды 16 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы №147-2 ДУ келісімшарты жасалды. Сонымен қатар, 2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінен I санаттағы экологиялық келісім алынды.

    Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы шешіміне сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері бекітіліп, абоненттермен келісімшарттар жасалуда. 2024 жылдың басынан бері шығарылған ТҚҚ көлемі 5100 тоннаны құрап, келісімшартқа отырған абоненттер саны 1642-ге жетті.

    2025 жылы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді. Нәтижесінде, үш аймақ бойынша «Формула Безопасности-Астана» ЖШС-мен жалпы сомасы 99 млн 997 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Мердігер мекеме тарапынан 13 арнайы техника мен 4 жүк мотоциклі, 45 жұмысшы жұмылдырылып, көшелерді санитарлық тазалау, қоқыс шығару, су себу, жолдарды күтіп ұстау, қысқы тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіл ді.

    202 6 жылы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді. Нәтижесінде, екі аймақ бойынша «Формула Безопасности-Астана» ЖШС-мен жалпы сомасы 160 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Мердігер мекеме тарапынан 1 4 арнайы техника мен 2 жүк мотоциклі, 32 жұмысшы жұмылдырылып, көшелерді санитарлық тазалау, сыпыру, қоқыс шығару, су себу, жолдарды күтіп ұстау, қысқы тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда көшелерге су себу жұмыстары күшейтіліп, екі бағыт бойынша күнделікті тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, мердігер мекеме тарапынан 7 мың тонна ға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылып, 2000 дана ағаш балақталып, 3 000 м³ қордаланған қоқыстар тазартылды. Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне 16 22абонент келісімшартқа отырған.

    Аталған шаралар Шиелі ауданында санитарлық-экологиялық жағдайды жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шиелі ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

    Жоба Шиеліауданында жолаушылармен багажды автомобильментұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолауш...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе? БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі а...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 1-қазанына Шиелі аудандық бюджетінің атқарылуы туралы

    2026 жылдың 1-қазанына Шиеліаудандық бюджетінің атқарылуы туралы 2026 жылдың 1 қазанына аудан бюджеті кірістер бойынша 105,1пайызға, оның ішінде салық түсімдері есепті кезенге 5572493,8 мың теңгеге жоспарланып, 6008219,9...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шиелі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

    Құрметті сайт оқырмандары! Шиелі ауданының 2026-2028жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Сіздердің назарларыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпар...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шиелі ауданы бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркелуі туралы АҚПАРАТ

    Шиелі ауданы бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркелуі туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)2026 жылғы 1 қарашадағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жыл...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шиелі ауданы бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Шиелі ауданы бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған...

    Шиелі ауданының әкімдігіЖарияланды: