Медициналық жабдықтарды лизинг арқылы сатып алу үшін ұсыныстар жинау туралы хабарландыру

    Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

    Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 72 бұйрығымен бекітілген «Медициналық техниканы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес сатушылардан коммерциялық ұсыныстар жинау туралы хабарлайды.

    Осыған байланысты, Басқармаға 2026 жылғы 25 қарашаға дейін Қағидалардың 6-тармағына сәйкес медициналық техникаға қатысты коммерциялық ұсыныстарды ұсынуларыңызды сұраймыз. Коммерциялық ұсынысқа міндетті түрде атауы, моделі, шығарылған елі, өндірушісі, жиынтықталуы мен техникалық сипаттамалары, тіркеу куәлігінің нөмірі, құны көрсетілген техникалық ерекшелік, сондай-ақ презентациялық материалдар (слайдтар) қоса берілуі тиіс.

    Төменде көрсетілген медициналық жабдықтар бойынша коммерциялық ұсыныстар қабылданады:

    1. Модульдері бар жүрек-өкпе қан айналымы жүйесі – 1 дана:

    1. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпбейінді кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 23. Жабдық оңтайлы техникалық сипаттамаларға, клиникалық-техникалық негіздемеге және осы хабарландыруға қосымша берілген техникалық ерекшелікке сәйкес керек-жарақтарымен бірге ұсынылуы тиіс.

    2. Жүрек-өкпе қан айналымы аппараты – 1 дана:

    1. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпбейінді кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 23. Жабдық оңтайлы техникалық сипаттамаларға, клиникалық-техникалық негіздемеге және осы хабарландыруға қосымша берілген техникалық ерекшелікке сәйкес керек-жарақтарымен бірге ұсынылуы тиіс.

    3. Әртүрлі орындалымдағы медициналық диагностикалық ультрадыбыстық жүйе – 3 дана:

    1. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық көпбейінді кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК, мекенжайы: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 23. Жабдық оңтайлы техникалық сипаттамаларға, клиникалық-техникалық негіздемеге және осы хабарландыруға қосымша берілген техникалық ерекшелікке сәйкес керек-жарақтарымен бірге ұсынылуы тиіс.

    Көрсетілген құжаттарсыз ұсынылған немесе белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген коммерциялық ұсыныстар қарауға қабылданбайды.

    Қатысуға ниет білдірген тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын Басқарманың № 5 кабинетіне ұсынуы қажет.

    Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2. Байланыс телефоны: 55-97-83.

    Ескерту:Сатып алу рәсіміне қатысуға арналған өтінімдерді дұрыс қарау мақсатында коммерциялық ұсыныста ҚҚС-ты ескере отырып есептелген соманы, сондай-ақ медициналық ұйымның атауы мен мекенжайын көрсету ұсынылады.

    Жүктеу
    be23b91a14bbd1195d4edfdd59a76b1e496d10ecdec4d0ce9f3abcb53b4aa476_original.555289.pdf
    PDF · 542 КБ
    Жүктеу
    2da40101ff2b88cff84e446172518f2b3432545999afae39277d359049d88cc7_original.475801.pdf
    PDF · 465 КБ
    Жүктеу
    e9cf0cdbe2df48a1819a034f4e727aa055c84123f147035ecc401a2bb12e4257_original.464446.pdf
    PDF · 454 КБ
    Жүктеу
    2c04d99a879062194c802b86c2f44213dd950849eea546490dc649058a50d286_original.575319.pdf
    PDF · 562 КБ
    Жүктеу
    27678ddad528646f878c074d20008210ed6bde12cafea9f9b3d9754dcfebf310_original.906769.pdf
    PDF · 886 КБ
    Жүктеу
    3ad596a4ee15d09e14b89ed43dc4f87917fd3e272e4bab8b9fb053fb3b46fb41_original.889362.pdf
    PDF · 869 КБ
    Жүктеу
    ef1439fb1b1f104f812c422d1a36ed6b93924c2b8490330e8543ce284512a9b7_original.1538094.pdf
    PDF · 1,5 МБ
    Жүктеу
    9ad987e926aafb0228bf5f32c004bf86ce59703224008f9fe8962d837ddda0b2_original.1284235.pdf
    PDF · 1,2 МБ
    Жүктеу
    8c8677145620a583a7780663a0e819fdf078e9e10a5f7958e1e118de210f6755_original.526104.pdf
    PDF · 514 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі

    Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 03 ақпандағы № 07/30 қаулысына қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 52/08 қаулысымен бекітілген «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ме...

    Хабарландыру

    Ұсыныстарды қарау қорытындыларын орналастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Ұсыныстарды қарау қорытындыларын орналастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Қарағанды қ.2026 жылғы 27 қараша «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару...

    Ақпарат

    Коммерциялық ұсыныс ұсыну туралы

    Коммерциялық ұсыныс ұсыну туралы «Муковисцидоз» орфандық ауруымен ауыратын пациенттерді «Элексакафтор/тезакафтор/ивакафтор» дәрілік затымен қамтамасыз ету мақсатында, аталған дәрілік затты жеткізу бойынша коммерциялық ұс...

    Кесте

    2026 жылғы IV тоқсанға Қарағанды облысының облыстық басқармалар басшылары азаматтарды қабылдау кестесі Азаматтарды қабылдау орталығында

    2026 жылғы IV тоқсанға Қарағанды облысының облыстық басқармалар басшылары азаматтарды қабылдау кестесі Азаматтарды қабылдау орталығында

    Ақпарат

    Определение грантов 2026 г.

    Шешім

    «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін беру туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы