ОМО, ЖАО және ПД ІАҚ-терінің есептік деректері бойынша 2024 жылы барлығы 555 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде:
Сәйкестік аудиті |
Тиімділік аудиті |
Тиімділік аудиті және сәйкестік |
237 |
309 |
9 |
42,7% |
55,7 % |
1,6% |
Аудиторлық іс-шаралар шеңберінде 5 988,0 млрд.теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылды. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1023,2 млрд. теңгеге немесе қамтылған қаражаттың 17% Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
млрд. тенге
Барлық бұзушылықтар |
Оның ішінде. |
Олардың ішінде есепке алу бойынша өтеуге, қалпына келтіруге және көрсетуге жататын |
Қалпына келтірілді, өтелді, есепке алу бойынша көрсетілді және сәйкестікке келтірілді | ||
Қаржылық бұзушылықтар |
Процедуралық бұзушылықтар | ||||
ОМО ІАҚ |
881,2 |
135,1 |
746,1 |
135,1 |
5,4 |
ЖАО ІАҚ |
140,6 |
17,8 |
122,8 |
17,8 |
14,5 |
ПД ІАҚ |
1,4 |
0,032 |
1,4 |
0,032 |
0,021 |
БАРЛЫҒЫ |
1023,2 |
152,9 |
870,3 |
152,9 |
19,9 |
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға 548 шешім (ұйғарым) енгізілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 707 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 340 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 86 аудит материалы құқық қорғау органдарына берілді.
«Ішкі аудит қызметтерінің аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету» операциялық жоспардың көрсеткіші бойынша аудиторлық іс-шаралар материалдарының жалпы саныны 333 материалы сапа бақылаумен қамтылған, оның ішінде ОМО ІАҚ-163, ЖАО ІАҚ-153, ДП ІАҚ-17, оның ішінде:
МАҚБ жалпы стандарттарына сәйкес келеді |
МАҚБ жалпы стандарттарына ескертулермен сәйкес келеді |
МАҚБ жалпы стандарттарына сәйкес келмейді | |
ОМО ІАҚ |
5 |
143 |
15 |
ЖАО ІАҚ |
6 |
127 |
20 |
ПД ІАҚ |
0 |
16 |
1 |
БАРЛЫҒЫ |
11 |
286 |
36 |
Бүгінгі таңда ІАҚ жүргізілген 555 аудиторлық іс-шараның ішінен 386 материалы есеп комитетінің бырынғай деректер базасына (БДБ) жіберілді.
Барлық ІАҚ-рі «Қаржылық бақылау Тәуекелдерді басқару жүйесі»-не қосылған.
2024 жылда ІАҚ электрондық форматта 12 аудиторлық іс-шара өткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығымен бекітілген «Ішкі аудит қызметтері қызметінің тиімділігін бағалау» Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартының 5-тармағына сәйкес Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, БҚО және ШҚО облысындағы ЖАО ІАҚ және БП, ЕХӘҚМ мен ТЖМ ОМО ІАҚ қызметінің тиімділігіне жоспарлы бағалау жүргізілді.
Сонымен қатар, есепті кезеңде Өскемен, Астана қалаларында ІАҚ үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылып өткізілді.