Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Шұғыл хабарлама23.10.2026ж.«Инфильтративныйтуберкулез в доли S6 легкого с распадом МТ+ ЛУТБ новый случай».
2.Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы:«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы»РММ.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):тартылған жоқ.
4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 27.10.2026 жылдан бастап 11.11.2026 жылға дейін
5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасыныңШЖҚ ККМ Исатай аудандық ауруханасына қарасты Жанбайдәрігерлік амбулаториясы
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарыныңсебептері мен сипаты:
- Науқастың ауру тарихындағыдеректерді ескермеу орын алған. Науқасты ерте анықтамаған.10.06.2025ж.жоспарлы қаралу кезіндеөкпедегі өзгерістер болған, 17.06.2025ж Xpert қорытындысы ТБ- қорытындысымен ем алмаған, одан әрі тиісті зерттеулер жүргізілмеген.Фтизиатр консультациясына жіберу тәртібі сақталмаған, бұл,Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының3-параграф. Туберкулезді ерте анықтау69, 70, 73тармақтары бұзылған;
- Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкерлері: аурудың клиникалық белгілері бар адамдар арасында молекулалық-генетикалық әдісті және қақырық жағындысының микроскопиясын және халықтың ауру тәуекелі жоғары және міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын нысаналы топтары арасында флюорография әдісін пайдалана отырып, туберкулезді ерте анықтауды жүзеге асырмаған, бұл, «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ -29 бұйрығының 2-тарауы Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың3-тармағының 1), 3), 6) және 19) тармақшалары сақталмаған.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасыныңШЖҚ ККМ Исатай аудандық ауруханасына қарасты Жанбайдәрігерлік амбулаториясының телімдік дәрігері
8. Қабылданған шаралар:жеке тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.