Май ауданында отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Шараны Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жайрангүл БалтабекқызыРахманбергенова құттықтау сөзімен ашып, отбасының қоғамдағы маңызды рөліне, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде II орын иеленген Бисмильдиндер отбасы өздерінің отбасылық өмір тәжірибесімен бөлісіп, береке мен бірліктің, сыйластық пен өзара түсіністіктің отбасы өміріндегі маңызы туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар Аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Серікбайқызы Нажмиденова жас отбасылармен отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана өнегесі және отбасы жауапкершілігі тақырыптарында мазмұнды диалог жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Шара аясында психолог маманның қатысуымен арнайы тренинг ұйымдастырылып, қатысушыларға отбасындағы психологиялық ахуалды жақсарту, өзара түсіністік пен қарым-қатынасты нығайту бағытында пайдалы кеңестер берілді.
Сондай-ақ аудандық кітапхана қызметкерлері «Оқитын ұлт» жобасы аясында кітап көрмесін ұйымдастырып, кітап оқудың отбасылық тәрбие мен рухани дамудағы маңызын насихаттады.
Кездесу соңында жас отбасыларға сертификаттар табысталып, естелік сыйлықтар ұсынылды.
Тағылымы мол шара отбасы құндылықтарын дәріптеп, жас отбасылардың өзара тәжірибе алмасуына, рухани байланысын нығайтуына мүмкіндік берді. Өйткені берік отбасы-берекелі қоғамның, ал тәрбиелі ұрпақ-жарқын болашақтың негізі.
