«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «IQOSTANAY» балаларға арналған «Smart-орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. Байқау шарттарымен танысу үшін сілтеме бойынша өтініз.

    ·

    «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ, Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, электрондық мекенжайы: [email protected] 29.06.2026 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды».

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «IQOSTANAY» балаларға арналған «Smart-орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (А1-3 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 249661 теңгеден 302706 теңгеге дейін.

    Конкурсты өткізу орны: Қостанай қаласы, Гоголя көшесі, 75.

    Конкурсты өткізу күні: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары.

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «IQOSTANAY» балаларға арналған «Smart-орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің мекен жайы: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қостанай қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 172 үй телефон: 8 (7142) 39-04-84.

    Кәсіпорынның қызметі негізгі және жалпы орта білім беру болып табылады.

    Функционалдық міндеттері:

    Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады.

    Педагогикалық кеңесті басқарады.

    Мектептің жұмыс жоспарын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, жұмыс оқу жоспарын, пән-мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді.

    Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді.

    Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді.

    Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді.

    Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.

    Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

    Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

    Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

    Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды.

    Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды.

    Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

    Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

    Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

    Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады.

    Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

    Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

    Өз құзыреті шегінде мектептің басқа да барлық қызметкерлеріне жаза қолданады.

    Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен), қорғаншылық кеңесімен жұмысты үйлестіреді.

    Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымдарына ұсынады, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

    Өзіндік кәсіби дамуын қолға алады, оның ішінде менеджмент саласында. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

    Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

    Білім беру қызметін ұсыну сапасына жауап береді.

    Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

    немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

    осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

    Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Педагог мәртебесі туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Мемлекеттік мүлік туралы " Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

    педагогика және психология негіздері;

    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

    педагогикалық этиканың нормалары;

    менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;

    Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

    10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

    11) түйіндеме;

    12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

    Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

    Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы конкурс өткізу туралы хабарландыру Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс:

    • Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 127 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7142) 390843.
    • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
    • "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік білім беру
    ұйымдарының бірінші
    басшылары мен педагогтерін
    лауазымға тағайындау,
    лауазымнан босату
    қағидаларына
    3-қосымша

    Нысан

    ___________________________
    конкурс жариялаған
    мемлекеттік орган
    / Кандидаттың тегі, аты,
    әкесінің аты (бар болса)
    (бұдан әрі -Т. А. Ә.),
    жеке сәйкестендіру нөмірі
    (бұдан әрі –ЖСН), лауазымы,
    жұмыс орны,
    Нақты тұрғылықты
    жері, тіркелген мекенжайы,
    байланыс телефоны

    Өтініш

    Мені ________________________________________________________________

    (білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)

    __________________________________________________________________

    бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.

    Қазіргі кезде_________________________________________________________

    (лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл) жұмыс істеймін.

    Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: Білімі: жоғары немесе жоғары оқу

    орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік

    Оқу орнының атауы

    Оқу кезеңі

    Диплом бойынша мамандығы

    Жүктеу

    Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):

    __________________________________________________________________

    Жұмыс өтілі:

    Жалпы

    Педагогикалық

    Мемлекеттік қызмет өтілі

    Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

    Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

    Жүктеу

    Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ______________________________________

    Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) ________________________________________

    "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.

    Мен келісемін ___________________________________________________

    (Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы)

    "____"______________20___жыл __________ /қолы/

    Ұқсас материалдар

    Конкурстар

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Рудный құрылыс және көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 202808 теңгеден 245988 теңгеге дейін.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық...

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Қазақстан агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 202808 теңгеден 245988 теңгеге дейін.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж "А" блогы бос азаматтық...

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж. "А" блогы бос азаматтық лауазымға орналасуға конкурс жариялайды». Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының «Жітіқара политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (А1-2 санаты) лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты айына 202808 теңгеден 245988 теңгеге дейін.

    Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ 110000, Қостанай қ , Гоголя көшесі, 75, анықтама телефоны: 8 (7142)390843, 8-705-668-71-77, электрондық мекенжайы: [email protected] 27.07.2026 ж. "А" блогы бос азаматты...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Білім басқармасында облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жауапкершілігін арттыру тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

    Білім басқармасында облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және мемлекет...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қостанай облысы білім басқармасының Азаматтық бюджеті. 2026 жыл

    Қостанай облысы білім басқармасының Азаматтық бюджеті. 2026 жыл Атау Бір жылға арналған жоспар 1 Басқарма (аппарат және әдістемелік орталық) 1 254 821,0 2 Балабақшалар 31 690 725,1 3 Мектептер 144 495 395,3 4 Жекеменшік...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) т...

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    2026-2027оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Занының 6-бабы 2-тарм...

    Жарияланды: