Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту аудитінің қорытындысы бойынша баспасөз-хабарлама

    Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы

    «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының іске асырылуын аралық бағалау» мемлекеттік аудитімен мемлекеттік аудиттің 3 объектісі қамтылды:

    1) «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ;

    2) Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК;

    3) Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК.

    Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 3 345 053,3 мың теңгені құрады.

    Қаржылық бұзушылықтардың және бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз жоспарлау мен пайдалану фактілерінің жалпы сомасы 2 048 586,8 мың теңгені құрады. Аудит нәтижелері бойынша мынадай бұзушылықтар мен фактілер анықталды:

    1) Арқалық өңірлік ауруханасының кірісіне өтелуге жататын 80 504,1 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар;

    2) бюджет қаражатын (активтерді) 1 153 644,0 мың теңге сомасына тиімсіз жоспарлау;

    3) бюджет қаражатын (активтерді) 814 438,7 мың теңге сомасына тиімсіз пайдалану;

    4) 28 рәсімдік бұзушылық;

    5) 5 жүйелі кемшілік және 8 кемшілік.

    Аудит барысында медициналық жабдықты сатып алу кезінде бекітілген қажеттіліктен ауытқуға жол берілгені және Арқалық өңірлік ауруханасының перзентханасын күрделі жөндеу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға ақы төленгені анықталды. Құрылыс және мемлекеттік сатып алу салаларындағы жекелеген фактілер бойынша материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

    Облыста алғашқы медициналық-санитариялық көмектің 25 объектісі пайдалануға берілді. Бұл объектілердің дәрігерлермен жасақталу деңгейі 73,3%-ды құрады. 2025 жылдың соңына қарай Жітіқара және Арқалық ауруханаларын жаңғырту аяқталмаған. Сауалнама барысында бейінді дәрігерлердің жетіспейтінін Жітіқара аудандық ауруханасы бойынша респонденттердің 83,3%-ы, ал Арқалық өңірлік ауруханасы бойынша 54,5%-ы атап өтті.

    Аудит «алтын сағат» қағидатының сақталуын бағалаудың бірыңғай уақыт өлшемшарттары жоқ екенін және өңірлік деңгейде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің төмендеуін бағалау үшін қолданылатын базалық көрсеткіштің бірмәнді айқындалмағанын көрсетті.

    Аудит қорытындысы бойынша ауруханаларды жаңғыртуды аяқтау, медициналық ұйымдарды қосымша жабдықтау және бейінді мамандарды тарту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына «алтын сағат» өлшемшарттарын бекіту, өлім-жітімнің төмендеуін бағалау тәртібін нақтылау және құрылыс мердігерлігі шарттарына коммуналдық шығыстарды төлеу талаптарын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

    Жүктеу
    Пресс-релиз по итогам аудита модернизации сельского здравоохранения
    Пресс-релиз по итогам аудита модернизации сельского здравоохранения
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы

    Конкурс туралы ақпаратҚұжаттарды қабылдау мерзімі: 19.11.2026 - 20.11.2026Қабылдау 1 этап: 19.11.2026- 20.11.2026Қабылдау 2 этап: 23.11.2026Практикалық бағалау: 24.11.2026Анықтама телефоны: 87142568830D-3 санат үшін орта...

    Ақпарат

    «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыруды аралық бағалау» мемлекеттік аудит қорытындылары туралы ақпарат

    Мемлекеттік аудит «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ, «Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК және «Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК-да жүргізілді. Мемлекеттік аудитпен 3 345 053,3 мың теңге көлемінде...

    Тізбе

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (2026ж. 29.10 өзгерістерімен)

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (2026ж. 29.10 өзгерістерімен)

    Бұйрық

    «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №220-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 29.10.2026 ж. №160-н/қ бұйрығы

    «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №220-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал...

    Үзінді

    «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (жалпы конкурс) орналасу үшін конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2026 жылғы 24 қазандағы №1 хаттамасынан үзінді

    ч Конкурстық комиссия бірауыздан келесі ШЕШІМДІ қабылдады: «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусыныңсапаны бақылау бөлімінің басшысы–мемлекеттік аудитор(уақытша, негізгі қызметш...

    Тізбе

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (2026ж. 22.10 өзгерістерімен)

    2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (2026ж. 22.10 өзгерістерімен)

    Бұйрық

    «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №220-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 22.10.2026 ж. №154-н/қ бұйрығы

    «2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесін бекіту туралы» Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №220-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал...

    Ақпарат

    Ақпарат Қостанай облысының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бухгалтерлік кадрлармен қамтамасыз ету және олардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі сараптамалық-талдамалық іс-шараның нәтижелері туралы.

    Ақпарат Қостанай облысының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бухгалтерлік кадрлармен қамтамасыз ету және олардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі сараптамалық-талдамалық іс-шараның нәтижелері т...