Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен жылына алпыс сағат қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды ресімдеу»;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»;
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға куәліктер беру»;
«Ақталған адамға куәлік беру»;
«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»;
«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту».
Бөлім жанында мынадай комиссиялар жұмыс істейді:
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия (АҮК);
Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (ККО).
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша (үйде) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.