Қырымбет ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2026 жылғы 28 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қырымбет ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қырымбет сайлау округі
Қырымбет ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 189 азамат енгізілді, олардың 117-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» деген белгімен - 13. Есептен шығару куәліктері бойынша ешкім дауыс берген жоқ, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар – 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қожахметова Ә.Б. - 26; Шабанова Л.Г. – 9, Ысқақова Ж.Т. - 69.
Қырымбет ауылдық округінің әкімі болып Жанар Төлеуқызы Ысқақова сайланды, 1977 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, Сокологоровка ауылында тұрады, «Ақ жол» ҚДП-наң қоғамдық бірлестігі ұсынған, «Ақ жол» ҚДП-ның мүшесі.
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының аумақтық сайлау комиссиясы