Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысымен 2026 жылғы 29 қарашаға мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды.
Осыған орай, Қамысты ауданы әкімдігі жанынан сайлаушыларға арналған Call-орталық жұмысын бастады.
Сайлауды өткізуге, сайлаушылар тізіміне енгізу және одан шығару, сондай-ақ сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді нақтылауға қатысты барлық сұрақтар бойынша Call-орталықтың 8 (71437) 2-18-42 телефонына дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін хабарласуға болады.