Бурабай ауданының 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларына
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
ақпарат
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен қызметтердің) көлемі 115263,7млн.теңгені құрады, НКИ – 105,8% (2025 жылы –67380,2млн. теңге, НКИ –114,8%)
Өндірістің өсуі байқалады:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 48303,1 млн теңге, НКИ- 118,8 % ( кенөндіру есебінен, 2026 – 2856 мың тонна, 2025 – 22232 мың тонна, 128%) және қиыршықтас пен құм (2026 – 2376 мың текше метр, 2025 – 145,18 мың текше метр, 163,3%));
Өңдеу өнеркәсібі – 64327,8 млн теңге, НКИ- 101,0% ( өткенжылдың тиісті кезеңіне 2718 кг немесе 100,2% (2712 кг) алтын өндірісінің төмендеуі;
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау- 402,0 млн теңге НКИ -100,4 %.
Төмендеді:
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 2230,9 млн теңге, НКИ – 84,6%
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6616,3 млн.теңгені құрады, НКИ – 105,1% ( 2025 жылы –5145,7 млн. теңге, НКИ – 98,9%), оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 6615,4 млн. теңге НКИ – 105,1%.
Мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, тірі салмағы 2176,7 тонна (97,1%), сүт 7231,1 тонна (116,3%), жұмыртқа өндірісі 2032,9 мың дананы (102,0%) құрады.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 27,3 мың басты (101,3%) құрады, қойлар мен ешкілер 45,5 мың бас (102,2%), шошқалар 2,9 мың бас (108,1%), жылқылар 13,6 мың бас (106,6%), құстар 75,6 мың бас (123,0%).
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5622шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 93,5 % құрайды, оның ішінде 816 заңды тұлға, 4471 ЖК, 335 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (5895) 95,4 % – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 1,5 тармаққа жоғары ( 2025 г. – 93,9 %).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 19415,6 млн. теңгені құрады. НКИ -124,3 %, өткен жылдың деңгейіне (2025 жылы –14748,2 млн.теңге, НКИ-95,3%).
Бюджеттік инвестициялар 35,1% азайды (1.06.2026 – 2315,8млн.теңге, 1.06.2025 ж. – 3569,1 млн.теңге)
Жеке инвестициялар 53% артты (1.06.2026 – 17099,8 млн. теңге, 1.06.2025 ж. –11179,1млн. теңге)
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5432,5 млн.теңге, НКИ – 91,5% өткен жылдың сәйкес кезеңіне ( 2025 жылы – 5588,2 млн.теңге, НКИ – 54%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 9544 шаршы метрді өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда немесе 109,4 % құрады (2025 ж. – 8724,0 шаршы м.) оның ішінде ЖТҚ 2827 шаршы метр.
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 20725,6млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6% құрады (2025 жылы –18362,3млн. теңге, НКИ – 99,7%).
Денсаулық сақтау ( «Бурабай аудандық емхана» ШЖҚ МКК деректері)
1.06.2026 жылғы жағдай бойынша туылғандар саны 249 баланы құрады немесе 87,6%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 292 адамды құрады немесе 103,5%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне нәресте өлімі 1 бала.
Өмір сүру деңгейі
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 421 895теңгені құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (85000теңге) 4,9 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (401 406теңге) қарағанда өсу қарқыны 105,1% - ды құрады.
Нақты жалақы индексі 93,0% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық еңбек ақысы 378 763 тенгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1530 адам өтініш білдірді, оның ішінде 1355 адам жұмыспен қамтылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 88,6% құрайды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3 % құрады.
Есепті күнге 1355 жұмыс орны құрылды (2025 жылға қарай152%), олардың ішінде 1227тұрақты (2025 жылға қарай170,4%) және 128 уақытша (2025 жылға қарай 74,9%).
Ауданда 40 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 193 адам.
Бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 86319,0млн. теңге түсті, бұл болжамға 130,8% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 15631,4млн. теңге немесе жоспарға 101,4 %
- республикалық бюджет 70687,6 млн. теңге немесе 139,8 %, өсу қарқыны 245,8%;
- облыстық бюджет 3861,3 млн. теңге немесе 100,0 %, өсу қарқыны 115,7%;
- аудан бюджеті 11770,1 млн. теңге немесе жоспардан 101,9 %, өсу қарқыны 205,0%.
Жергілікті бюджетке ( облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 178,5% -. құрады (2026 ж. – 15204,8 млн.теңге, 2025 ж. – 8519,7 млн.теңге) бюджет және Салық кодексіне сәйкес шағын және орта бизнестен КТС түсімдерін аудандық бюджетке 100% мөлшерінде және Бюджеттік және Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдан бастап аудандық бюджетке шағын және орта бизнестен түсетін жеке табыс салығы түсімдері.
«Ауыл – Ел бесігі»
2026 жылы ауыспалы жобаны іске асыру жалғасуда. Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылында 200 орындық клуб салу.2025 жылы РБ-дан 100%, жоспар бойынша 350,0 млн.теңге бөлінді және игерілді, ЖБ-дан 35,0 млн. теңге немесе 100% бөлінді және игерілді.
Жұмыстар 2025 жылдың 01 мамырында басталды.
Жобаны аяқтауға 2026 жылы облыстық бюджеттен 245,6 млн теңге, аудандық бюджеттен – 150 млн теңге бөлінді. 01.06.2026 ж – да ОБ игерілуі – 58% (143,6 млн. теңге), аудандық бюджет - 100%
Объектіні техникалық енгізу жүргізілді, енгізу актілері үшін құжаттама дайындалуда.