ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Марқакөл ауданында оңайлатылған декларация негізінде
арнайы салық режимін қолдану кезінде
салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 726-бабына сәйкес Марқакөл аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Марқакөл ауданында оңайлатылған декларация негезінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2.Осы шешім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.