Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті

    Сарқан ауданының әкімдігі

    Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында

    БЖЗҚ-ның Ашық есік күні қалай өтті

    2026 жылғы 26 маусымда ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыруымен кезекті Ашық есік күні өтті.

    «БЖЗҚ» АҚ цифрлық форматта қызметтердің кең шоғырын ұсынады және салымшылар мен алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қызметтерді үнемі жетілдіріп отырады. Онлайн-сервистер азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы қажетті ақпаратты жедел алуға және қаржылық болашағын жоспарлау кезінде неғұрлым саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сайт және мобильді қосымша арқылы қызметтердің тәулік бойы қолжетімділігі Қормен өзара іс-қимылды барынша ыңғайлы етеді және азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

    Қордың негізгі цифрлық құралдарының қатарында:

    • Қордың электрондық қызметтеріне толық қолжетімділікті қамтамасыз ететін БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы жеке кабинет және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы;
    • «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары», бұл құралдардың көмегімен сіз болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жоспарын құра аласыз;
    • Құжаттарды алдын ала тексеруді, электрондық поштаға үзінді көшірмелерді алуды, Қор кеңселеріне бару уақытын брондауды және т. б. қоса алғанда, сайтта қызметтерді ресімдеу бойынша онлайн-сервистер.

    Кездесуге қатысушыларға БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері, оның ішінде ресми сайт, мобильді қосымша, Telegram-бот және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған Қордың ақпараттық ресурстары туралы, сондай-ақ Байланыс орталығы, сайт, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары арқылы кері байланыс жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

    Бүгінгі күні БЖЗҚ-ның цифрлық экожүйесі салымшылармен және алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың негізгі арнасы болып табылады. Сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы пайдаланушылар жеке зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер ала алады, деректемелерге өзгерістер енгізе алады, шоттардың болуы туралы анықтамалар ала алады, зейнетақы төлемдерінің жекелеген түрлеріне өтініш бере алады, өтініштердің мәртебесін қадағалай алады, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудара алады, сондай-ақ «Зейнетақы калькуляторы» және «Жеке зейнетақы жоспары» сервистерін пайдалана алады.

    Электрондық қызметтерге сұраныстың артып келе жатқаны атап өтілді. 2026 жылдың 4 айында БЖЗҚ көрсеткен 21,5 млн қызметтің 21,1 млн қызметі электрондық және автоматты форматта ұсынылды. Осылайша қашықтан қызмет көрсету үлесі олардың жалпы санының 98,8%-н құрады.

    Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың неғұрлым кең таралған схемалары туралы, соның ішінде алаяқтардың өздерін мемлекеттік ұйымдардың, медициналық мекемелердің немесе Қордың қызметкерлеріміз деп таныстыратын және әр түрлі сылтаулармен растаудың SMS-кодтарын алуға және дербес деректерге қол жеткізуге тырысатын жағдайлары туралы айтып берді.

    Қатысушыларға БЖЗҚ-ның тегін және делдалсыз қызмет көрсететінін еске салды. Қор қызметкерлері телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де конфиденциалды мәліметтерді сұратпайды.

    Кездесу барысында дербес деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Мамандар азаматтарды растау кодтары мен дербес ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге, мәліметтерді тек ресми байланыс арналары арқылы тексеруге және алаяқтыққа күдік туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырды.

    Іс-шара соңында қатысушылар БЖЗҚ-ның зейнетақымен қамсыздандыру және цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтарына жауаптар мен жеке кеңес алды.

    Жүктеу
    Как прошел день открытых дверей ЕНПФ на тему цифровых сервисов Фонда и защиты от мошенников
    Как прошел день открытых дверей ЕНПФ на тему цифровых сервисов Фонда и защиты от мошенников
    DOC · 76 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға а...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, сондай...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту ту...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ереже

    «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    2026 жылдың 07 қыркүйек күні өткен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Коллизияны анықтаудан — заңнаманы жетілдіруге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және заңнаманы жетілдіру

    Заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыста құқықтық қайшылықтарды уақтылы анықтау және оларды кейіннен жою ерекше маңызға...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді...

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Сарқан ауданы бойынша қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардың Тарифтер жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

    Сарқан ауданының әкімдігіЖарияланды: